25.06.2015, 11:27 4142

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ компаниялары тобы арқылы шағын және орта бизнесті қолдау"

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігініӊ мәліметтері бойынша республиканыӊ ауыл шаруашылығы саласында 175 мыӊ шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар жұмыс істейді

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігініӊ мәліметтері бойынша республиканыӊ ауыл шаруашылығы саласында 175 мыӊ шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жылдыӊ басынан бастап "ҚазАгро" ұлттық холдингі елдіӊ агросекторындағы шағын және орта бизнесті несиелеуге 91,6 млрд. теӊге бағыттады немесе ол берілген несиеніӊ жалпы көлемініӊ 93%-ы. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊініӊ деӊгейінен 1,4 есеге артық (63,9 млрд. теӊге).

Ауылдағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету қаржыландырудыӊ түрлі бағыттары мен бағдарламалары арқылы, сондай-ақ ауылдағы бизнес үшін қаржы ресурстарына қолжетімділікті кеӊейту жөніндегі жүргізілетін саясат арқылы жүзеге асырылады. Мысал ретінде жұмыс істейтін Несие серіктестіктерін нығайту бойынша Холдингпен жүргізілетін жұмысты атап өтуге болады. Сонымен, "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес компаниясы - Аграрлық несие корпорациясы 171 Несие серіктестігін қаржыландырды, оныӊ құрамына 11 мыӊ ауылшаруашылық құрылымдары кіреді.

Ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2007 жылдан бастап ауылдағы қызметтіӊ ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін дамытуға қолдау көрсетіледі. Жылдыӊ басынан бастап осы бағдарлама бойынша 79 млн.теӊге сомасына 10 жоба қаржыландырылды. Несиелер қонақ үй объектілерініӊ құрылысы мен қайта қалпына келтіруге және туристік бизнеске, жол бойғы сервиске, қоғамдық тамақтану пункттерін және ауылдық сауда нүктелерін жаӊартуға бағытталады. Бағдарламаны іске асырудыӊ басынан бастап жалпы 3 181 млн.теӊге сомасына 180 жоба қаржыландырылды.

2014 жылдан бастап жаӊа бағдарламалар - "Алтын Асық" қой шаруашылығын дамыту және жылқы шаруашылығы - "Құлан" жылқы шаруашылығын дамыту бойынша жаӊа бағдарламаларды іске асырылуда. "Алтын Асық" бағдарламасы бойынша барлығы 1,2 млрд.теӊгеге 114 жоба және "Құлан" бағдарламасы бойынша 4,3 млрд.теӊгеге 281 жоба қаржыландырылды.

Жылдыӊ басынан бастап Корпорация кейіннен АӨК субъектілерін несиелеу үшін Екінші деӊгейлі банктерді қаржыландыру бойынша жаӊа бағдарламаны іске асыруды бастады. Ағымдағы жылдыӊ 5 айы ішінде 3,6 млрд.теӊге сомасына ЕДБ қаржыландырылды.

Сонымен бірге жайылымдарды суландыру инфрақұрылымыныӊ құрылысын несиелеу бағдарламасын іске қосылды. Бүгінгі таӊда 4,8 млн.теӊге сомасына 2 жоба қаржыландырылды (Қостанай облысында).

Аграрлық несие корпорациясы сонымен қатар "Жедел-несие" бағдарламасы бойынша кепілзатсыз несиелеуді жүзеге асырады, іске асыру аралығында барлығы 75,8 млн. теӊге сомасына 10 НС (51 АШТӨ) несиелендірілді.

Ауылшаруашылық шикізатын өӊдеу кәсіпорындарын және тамақ өнімдерініӊ өндірісін несиелеу шеӊберінде 13,6 млрд.теӊге сомасына 43 жоба қаржыландырылды (етті, сүтті, жүнді, балықты, дәнді дақылдарды, өсімдік майын, жеміс-көкөніс өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін өӊдеу).

Ауылдағы шағын несиелеу секторындағы Холдингтіӊ басқа еншілес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныӊ үлесі 94%-ды құрады.

Бүгінгі күні бұл компанияныӊ негізгі қаржыландыру бағдарламалары мынадай: "Жұмыспен қамтуть 2020", "Егінжай", "Жылыжай", "Мурабаха", "Кәсіпкер", "Ауылдық ипотека" (агенттік қызмет көрсету).

2013 жылдан бастап Қор Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020 бағдарламасыныӊ екінші бағытына өӊірлік уәкілетті ұйым ретінде қатысады. Бағдарламаныӊ мақсатқа арналған орны жеке істі ұйымдастыру немесе кеӊейту болып табылады. 2013 және 2014 жылдар аралығында шамамен 30 млрд.теӊге берілген, жылдыӊ басынан бастап - 1,5 млрд. теӊге берілді.

Табыстары орташа және табыс деӊгейлері төмен ауыл тұрғындарын шағын несиелеудіӊ түрлі бағдарламалары бойынша барлығы 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныӊ желісі бойынша 121,6 млрд.теӊге сомасына 104 250 несие берілді және 111 мыӊнан астам адам жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылдыӊ басынан бастап компания 7,9 млрд.теӊге сомасына 2 102 шағын несие берді.

Ауылшаруашылық техникаларын сатып алу бойынша лизинг қызметініӊ нарығында 2015 жылғы 1 маусым жағдайында "ҚазАгроҚаржы" АҚ үлесі 73%-ға дейін өсті, бұл өткен жылдыӊ ұқсас кезеӊініӊ көрсеткішінен 8%-ға артық.

Ағымдағы жылы компаниямен 27 млрд.теӊге сомасына 2117 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техника мен жабдықтарды сатып алуға шарттар жасалды, соныӊ ішінде 100 комбайн, 847 трактор, 767 арнаулы техника, 37 бірлік технологиялық және қайта өӊдеуші жабдықтар, 366 бірлік басқа техникалар.

Сонымен бірге Холдингтіӊ еншілес акционерлік қоғамдары ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне сатып алу операцияларын жүргізу арқылы қолдау көрсетеді. Мысалы, ағымдағы жылы "ҚазАгроӨнім" АҚ 1,8 млрд.теӊге сомасына мал шаруашылығы өнімдерін сатып алды. "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ 50 млн.теӊге сомасына мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуды қаржыландырды.

Көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына қолдау көрсету шеӊберінде 2015 жылы Холдингке 60 млрд.теӊге сомасына бюджеттік несие берілді. Несие қаржы институттары (ЕДБ) мен екі оператордыӊ ("Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ) арасында қарыз түрінде бөлінді.

Сонымен қатар, Холдингтіӊ еншілес компанияларымен меншікті қаражаты есебінен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қосымша қаржыландыру жоспарланады.

Көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді Холдингтіӊ жалпы қаржыландыруы (ауылшаруашылық техникасыныӊ лизингін қоса алғанда 97 млрд.теӊгеден астамды құрайды. 2015 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша Холдингпен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына 62,2 млрд. теӊге бағытталды.

Холдингтіӊ шамамен 90% қарыз алушылары шағын және орта бизнес санатына жататын АШТӨ. Осы ретте Холдингтіӊ несие қоржынындағы ұзақ мерзімді несиеніӊ үлесі 80%-дан асады.

ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзініӊ құрамына енетін компаниялардыӊ инвестициялық активтерініӊ тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдингтіӊ құрамына "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроГарант" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ енеді.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны