23.12.2016, 20:22 4822

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі 10 жылда елдіӊ агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2,3 трлн. теӊгеден астам қаражат бағыттады

Несие қоржыныныӊ көлемі 7 есеге өсті және 600 млрд.теӊге шамасын құрады, ол саланы несиелеудіӊ жалпы көлемініӊ 43%-ын құрайды. Холдингтіӊ несие қоржынында шамамен 50.000 қарыз алушы бар. Яғни, бүгінгі таӊда Холдинг агроөнеркәсіптік кешендегі еӊ ірі кредитор болып саналады.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Тура 10 жыл бұрын 2016 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен жарғылық капиталына мемлекеттіӊ 100 пайыз қатысуымен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы құрылды.

Құжатта атап өтілгендей, Холдинг Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ кейбір мәселелері туралы" 2006 жылғы11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру мақсатында" құрылған.

10 жыл ішінде елдіӊ агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) қолдауға холдинг 2,3 трлн. теӊгеден астам қаражат бағыттады.

Егер, алғашқы жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 116 млрд.теӊге бағыттаған болса, соӊғы жылдары жыл сайын шамамен 300 млрд.теӊге бағыттап отыр. Оныӊ 16%-ы мемлекеттік қорландыру қаражаты, яғни бюджеттік қаражаттыӊ әрбір 1 теӊгесіне Холдинг капитал нарығынан 5,4 теӊге тартады.

10 жыл ішінде компания тобыныӊ активтері 6,6 есеге өсті, меншікті капитал 3,4 есеге, ал кірісі 2,9 есеге ұлғайды.

Несие қоржыныныӊ көлемі 7 есеге өсті және 600 млрд.теӊге шамасын құрады, ол саланы несиелеудіӊ жалпы көлемініӊ 43%-ын құрайды. Холдингтіӊ несие қоржынында шамамен 50.000 қарыз алушы бар. Яғни, бүгінгі таӊда Холдинг агроөнеркәсіптік кешендегі еӊ ірі кредитор болып саналады.

Холдингтіӊ қызметі маӊызды әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ететінін атап өту қажет - 33,4 мыӊ жаӊа жұмыс орындары құрылды және 141,5 мыӊнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ оныӊ қызметі агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін қаржыландыруға және өткізу нарықтарына қол жетімділікті жоғарылатуға бағытталған.

Еліміздіӊ барлық аудандарында еншілес акционерлік қоғамдары филиалдарыныӊ желілері мен аймақтық өкілдіктері бар.

Қаржыландыруға қол жетімділікті жоғарылату бойынша, бүгінгі күні Холдингпен 40-тан астам несие өнімдері жүзеге асырылуда, олар агробизнестіӊ түрлі салалық бағыттары мен көлемдерініӊ қажеттілігіне бейімделген. Несиелеу құрылымындағы шағын және орта бизнестіӊ үлесі 89%-ды құрайды.

Холдингтіӊ еншілес компаниясы - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қолдауымен құрылған несие серіктестіктері жүйесі жылдар бойы (2001 жылдан бастап) өзініӊ қызметініӊ тиімділігін дәлелдеді: 12,2 мыӊ тұрақты ауылшаруашылық тауар өндірушілері (АШТӨ) 171 Несие серіктестігініӊ (НС) құрамына кірді (2001 жылдан бастап қаржыландырудыӊ жалпы көлемі - 162 млрд. теӊге) және белсенді түрде қаржыландырылады.

Ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, өндіру, сақтау және өткізуді бірлесіп ұйымдастыру үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарыныӊ бірлестігін кооперативтер құруға ынталандыру жұмыстары жалғасуда. Жалпы, 1,5 мыӊнан астам ауылшаруашылық құрылымдары мен 3 мыӊ жеке үй шаруашылығы 147 ауылдық кооперативке бірікті, олар 12 млрд.теӊгеден астам сомаға жеӊілдетілген несие алды.

Ауыл халқын жұмыспен қамтуды арттыру және ауылшаруашылық өнімдерініӊ өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында, жеке қосалқы шаруашылықтыӊ мүмкіндігін пайдалану есебінен "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ шағын несиелеу өнімдерініӊ "Игілік", "Береке", "Егiнжай", "Кәсіпкер", "Бірлік" және "Ынтымақ" сияқты жаӊа желілерін әзірлеп, "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" және "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламаларыныӊ қаражатын пайдалану арқылы табысты іске асыруда.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры осы жылдары 100 мыӊнан астам шағын несие берді - бұл ауылдық жердегі банк несиесіне қолжетімділік төмен болған жағдайда маӊызды рөл атқарды. Нәтижесінде, 10 шағын несиеніӊ 9-ын ауыл тұрғындары ҚазАгроныӊ еншілес компаниясы арқылы алады.

Агроөнеркәсіп кешенін сапалы дамыту және ауыл шаруашылығындағы еӊбек өнімділігініӊ өсімі үшін кәсіпорындарды техникалық және технологиялық жарақтандыру жұмысы жалғасуда. Еліміздегі ауылшаруашылық техникасыныӊ 72%-ы ҚазАгроҚаржы арқылы сатып алынатынын атап өту қажет. Өткен 10-жылдықта 37 мыӊ бірліктен астам техника сатып алынып, лизингке берілді.

Агроөнеркәсіп кешенінде еӊбек өнімділігін арттыру ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен шешіледі, оларды екі блокқа бөлуге болады: азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділікті төмендету және аграрлық сектордыӊ экспорттық әлеуетін дамыту.

Қазіргі уақытта, Холдингтіӊ инвестициялық қоржынында құны 331 млрд. теӊгеніӊ 530 жобасы бар. Жалпы құны 288,8 млрд. теӊгеніӊ 498 жобасы пайдалануға берілді, оныӊ көп бөлігі толық жобалық қуатқа шықты.

Өӊірлер бойынша жобаларды іске асырудағы көшбасшылар - Ақмола (83), Алматы (72), Солтүстік-Қазақстан (52) және Оӊтүстік-Қазақстан (50) облыстары болып табылады.

Барлық іске асырылатын инвестициялық жобалар қазіргі заманғы озық технологияларды енгізуге бағытталған, ол өз кезегінде еӊбек өнімділігініӊ өсімін қамтамасыз етеді. Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша еӊбек өнімділігі адам басына 2271 мыӊ теӊгені немесе 10,2 мыӊ долларды құрады, бұл орташа салалық деӊгейден шамамен 2 есеге жоғары (1239,8 мыӊ теӊге/адам).

Өткізу нарықтарына қолжетімділікті жоғарылату міндеті Холдингтіӊ еншілес компаниялары - Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен және ҚазАгроӨніммен жүзеге асырылады.

Олар 464 млрд.теӊгеден астамға өсімдік шаруашылығы өнімдерін және шамамен 30,2 млрд.теӊгеге мал шаруашылығы өнімін одан әрі өткізуге, соныӊ ішінде экспорт нарықтарына өткізу үшін сатып алды.

10 жыл ішінде Азық-түлік корпорациясы шамамен 3 млн.тонна астық экспорттады, ҚазАгроӨнім 1,8 млрд.теӊгеден астам сомаға мал шаруашылығы өнімін экспорттады.

2011 жылы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған "Ірі қара мал етініӊ экспорттық әлеуетін дамыту" бойынша кеӊ көлемді жобаныӊ іске қосылғаны белгілі.

Жобаныӊ шеӊберінде Холдингтіӊ несие ресурсы есебінен 30 мыӊ бордақылау орны құрылды, 39 мыӊнан астам асыл тұқымдық шетелде селекцияланған ірі қара мал әкелінді, фермерлік шаруашылықтарға 277 мыӊ бас ірі қара мал сатып алынды.

Қазагромаркетингтіӊ өӊірлік желісі арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілері мен ауыл тұрғындарына аграрлық нарық саласындағы түрлі мәселелер бойынша шамамен 2,3 млн. ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетілді, 10 мыӊнан астам бизнес жоспарлар әзірленді, 170 мыӊ ауыл тұрғыны оқытылды.

Қазіргі уақытта "Агробизнес-2020" бағдарламасыныӊ базасында 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ жаӊа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, оныӊ бағдарыныӊ бірі шағын және орта АШТӨ қаржыландыруға қолжетімділігін жоғарылату, сондай-ақ АШТӨ экспорттық бағытта қолдау болып табылады.

Бағдарламамен қойылған міндеттерді ескере отырып, Холдингпен еншілес компаниялардыӊ несие саясаты қайта қарастырылатын болады. Несиелеу және лизинг бағдарламаларыныӊ артықшылығы, шағын және орта агроқұрылымдарды қолдау және қаржыландыруды кеӊейту болады.

Аталған бағыттардағы қызметті топтастыру үшін, сондай-ақ Мемлекет басшысыныӊ экономикаға мемлекеттіӊ қатысуын қысқарту қажеттігі туралы тапсырмасын есепке ала отырып, Холдингпен ықшамдалған басқарушы Холдинг құру бойынша жұмыс жүргізілуде, ол 4 еншілес компаниядан тұрады ("Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ). Бұл Холдингке ауылшаруашылық тауар өндірушілерініӊ (АШТӨ) қаржыландыруға қол жетімділігін жоғарылатуға және өткізу нарығын кеӊейтуге мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіптік кешенде несиелеудіӊ қолжетімді жүйесін кезеӊ-кезеӊмен қалыптастыру Банктерді, несие серіктестіктерін, лизинг компаниялары мен агроөнеркәсіп кешенін несиелеуші басқа қаржы институттарын қорландыру, шағын қаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте, олар үшін қаржыландыруға артықшылықтар берілетін болады, бірінші кезекте, шағын және орта бизнеске, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қамтуды ұлғайтуға.

Жалпы Холдингтіӊ несие және лизинг бағдарламалары жаӊа мемлекеттік бағдарламаныӊ аясында АӨК субъектілерін қолдаудыӊ артықшылықтарымен және шарттарымен толық үйлестіріледі.

Холдингтіӊ маӊызды ұзақ мерзімді міндеті, агроөнеркәсіптік кешенніӊ экспорттық әлеуетін іске асыру болып табылады. Осыған байланысты, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ-ныӊ қызметі кеӊейтілетін болады және оныӊ базасында АӨК өнімініӊ экспортын қолдаудыӊ көп салалық орталығы құрылады.

Экспортты ынталандыру үшін, сонымен бірге "ҚазАгроКепіл" АҚ қызметін экспорттық келісімшарттарды кепілдендіру (сақтандыру) құралдарымен кеӊейту мәселесі пысықталады.

Холдинг агроөнеркәсіп кешені саласын тұрақты дамыту, бәсекелестікті арттыру және елдіӊ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмысын одан әрі жүйелі түрде жалғастырады.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ оныӊ құрамына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтіӊ құрамына: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны