15.06.2017, 14:28 4083

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі бюджеттік қаражаттыӊ игерілмеуіне қатысты ескертулерге жауап берді

Бүгінгі таӊда Холдингпен бірінші бағыт бойынша 8 млрд.теӊге сомасына 2563 өтінім мақұлданды, 7,7 млрд.теӊге сомасына 2336 өтінім қаржыландырылды.

Астана. 15 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жақын арадағы пленарлық отырысында 2016 жылғы республикалық бюджеттіӊ атқарылуын талқылау шеӊберінде бюджеттік қаражаттыӊ игерілмеуіне қатысты ескертулер айтылғаны белгілі. АӨК несиелеуге бөлінген қаражатты игерумен байланысты ескертулердіӊ бірі бойынша "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ келесі ақпаратты ұсынады.

Шынымен, 2016 жылы "ҚазАгро" холдингіне республикалық бюджеттен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін жарғылық капиталын ұлғайтуға 51,6 млрд. теӊге көлеміндегі қаражат бөлінді.

Қаражат 2016 жылғы бюджеттіӊ екінші нақтылануы шеӊберінде 2016-2017 жылдар аралығында игеру шартымен бөлінді. Холдингке бюджеттен бөлінген қаражат 2016 жылдыӊ қараша айында ғана түсті, оны "ҚазАгро" ауылшаруашылық кооперацияларын дамытуға және ауыл халқыныӊ тиімді еӊбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге (10,4 млрд. теӊге), сондай-ақ басым салалардағы шикізаттық емес экспортты дамыту үшін экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға (41,2 млрд. тенге) бағыттайды.

Бүгінгі таӊда Холдингпен бірінші бағыт бойынша 8 млрд.теӊге сомасына 2563 өтінім мақұлданды, 7,7 млрд.теӊге сомасына 2336 өтінім қаржыландырылды.

Екінші бағыт бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жалпы сомасы 42,5 млрд.теӊгеге 30 өтінім түсті, оныӊ 10,9 млрд.теӊгеніӊ 9 өтінімі мақұлданды. Олардыӊ бәрі ҚР АШМ салалық сараптаудан өтті. 2017 жылдыӊ аяғына дейін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат игерілетін болады.

Қазақстан-Венгриялық тікелей инвестициялардыӊ инвестициялық қорыныӊ қызметі бойынша. Аталған Қор 2015 жылғы желтоқсанда "ҚазАгро" холдингі мен Венгиялық Экспорттық-Импорттық Банктіӊ бірлескен жобасы ретінде құрылды. Оныӊ қызметі тікелей инвестицияларды тарту және Қазақстанныӊ АӨК жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

2016 жыл ішінде Қордыӊ басқарушы компаниясымен Қазақстанныӊ аграрлық саласында шамамен 100 жоба қарастырылды және бірнеше жоба іріктелді.Қазіргі уақытта оныӊ жұмысында 2017 жылы қаржыландыруға жоспарланған үш инвестициялық жоба бар. Иӊгіме Ақтөбе облысында жылыжай кешенін құру, Қостанай облысында құс фабрикасын жаӊарту, Ақмола облысында сүт-тауарлы фермасын дамыту туралы болып отыр.

Қордыӊ қызметініӊ мерзімі - 2 жылға мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 10 жыл екенін атап өту қажет. Осы ретте жобаларды қаржыландыруды болжайтын инвестициялық кезеӊ 5 жылды құрайды, яғни 2019 жылға дейінгі кезеӊ. Холдингпен Қор арқылы аталған жобаларды қаржыландырудыӊ жалпы көлемі 4,5 млрд. теӊгені құрайды, ол бөлінген бюджеттік қаражатты игеруге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны