21.01.2016, 09:26 3779

"ҚазАгро" ұлттық холдингі банктерді 2016 жылдыӊ егістік науқанын қаржыландыруға тартады.

"ҚазАгро" ұлттық холдингі 2016 жылдыӊ егістік науқанына дайындықты бастады. Алдағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру кезіндегі Холдингтіӊ негізгі міндеті - несие ресурстарын алу үшін отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерініӊ мүмкіндіктерін барынша кеӊейту.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық холдингі 2016 жылдыӊ егістік науқанына дайындықты бастады. Алдағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру кезіндегі Холдингтіӊ негізгі міндеті - несие ресурстарын алу үшін отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерініӊ мүмкіндіктерін барынша кеӊейту. Осы мақсатпен "ҚазАгро" екінші деӊгейлі 11 банктіӊ өкілдерімен кездесу өткізді, оныӊ барысында банктердіӊ кеӊейтілген филиалдары желісін пайдалану арқылы республиканыӊ шаруашылықтары мен агроқұрылымдарын қаржыландыру мәселелері талқыланды. Иӊгіменіӊ жеке тақырыбы, АӨК құрылатын кооперативтік қозғалысты қолдауға ЕДБ-діӊ көптеп қатысу мүмкіндігі болды. Кездесу Алматы қаласындағы Қазақстанныӊ қаржыгерлері қауымдастығы алаӊында өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәлімет үшін, алдағы науқанды өткізуге және жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға "ҚазАгро" ұлттық холдингі 60 млрд.теӊге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтіӊ кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деӊгейлі банктердіӊ арасында бөлу болжанады. Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасыныӊ лизингіне "ҚазАгро" холдингініӊ компанияларымен меншікті және сырттан тартылған қаражат бағытталатын болады. Мысал үшін, өткен жылы АӨК басты даму институтымен егістік пен егін жинауды қаржыландырудыӊ жиынтық сомасы бюджеттік несие қаражатын қоса есептегенде 101,2 млрд. теӊгені құрады. Сарапшылардыӊ мәліметтері бойынша, "ҚазАгро" ұлттық холдингі Қазақстандағы барлық бидай өндірісініӊ 50% қаржыландырды. Жалпы алаӊы 6,5 млн. га, өсірілген және жиналған егінді есепке алғанда "ҚазАгро" холдингініӊ қаражаты есебінен әрбір екінші тонна астық өндірілген.

Банктердіӊ өкілдерімен кездесуде "ҚазАгро" холдингі астық өндірушілері бірлестігініӊ қызметі мен қаржыландыру механизмін таныстырды және ЕДБ жаӊа клиенттер нарығын - ауылшаруашылық кооперативтерін құру процессіне белсенді қатысды ұсынды. 2015 жылы Ұлттық холдинг кооперациялар негізінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру бойынша пилоттық жобаны іске асырғанын еске саламыз. "ҚазАгроныӊ" бастамасы 100-ден астам шағын және орта шаруашылықтарға дем берді, олар өткен егістік науқаныныӊ алдында СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында - үш аймақтық кооперативтердіӊ айналасында бірікті. Жобаны іске асыру ЕДБ қатысуымен жүзеге асырылды және, қаржы институттарыныӊ өкілдерініӊ айтуынша, табысты аяқталды.

Жиында "ҚазАгро" өкілдері атап өткендей, мемлекет ауылшаруашылық кооперацияларын дамытуға барынша қызығушылық танытуда. 2016 жылдан бастап, кедергілерді алып тастайтын және кооперацияларды ынталандыратын жаӊа заӊ күшіне енді.

Кездесу нәтижесінде банктер Ұлттық холдингтіӊ бастамалары мен ұсыныстарына қызығушылық танытқанын айтты. Егістік науқаныныӊ белсенді фазасы басталғанға дейін "ҚазАгро" холдингімен өӊірлерде көшпелі жиындар өткізуді жоспарлаған, онда даму институтыныӊ өкілдері фермерлерге КЕЖ қаржыландырудыӊ қолданыстағы бағдарламалары туралы айтып береді және аймақтық астық кооперативтерін құру тәжірибесімен бөліседі. Осы кеӊестердіӊ жұмысына ЕДБ аймақтағы филиалдарыныӊ басшылары да қатысады.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ оныӊ құрамына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтіӊ құрамына: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.

"ҚазАгро" холдингі" АҚ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны