22.12.2014, 13:33 3953

"ҚазАгро" Ұлттық холдингі бюджеттік несие бойынша өз міндеттемесін толық орындады.

Республикалық бюджет алдындағы міндеттеменіӊ орындалуы ағымдағы жылдыӊ 19 желтоқсанында жүзеге асты.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Холдингі" АҚ 40 000 млн.теӊге сомасындағы бюджеттік несиесін өтеуді толық көлемде орындады. Республикалық бюджет алдындағы міндеттеменіӊ орындалуы ағымдағы жылдыӊ 19 желтоқсанында жүзеге асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске салайық, "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2013 жылдыӊ 3 желтоқснанына Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес 2014 жылы "Агроөндірісітік кешен субъектілерін қолдау блйынша шараларды жүргізу үшін "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-н несиелендіру" 023 бюджеттік бағдарламасы бойынша "ҚазАгро" Холдингі" АҚ-на 40 000 млн.теӊге мерзімі 2014 жылдыӊ 20 желтоқсанына дейін бюджеттік несие берілген болатын.

Жоғарыда аталған несие қарыз түрінде "ҚазАгро" Холдингі" АҚ-ныӊ үш еншілес компаниялары және екінші деӊгейлі банктер арасында бөлінген болатын. Бюджеттік несие есебінен қаражатты игеру жоспарланған 40 000 млн.теӊгеге немесе 100%-ға орындалды, соныӊ ішінде: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ - 13 042 052 800 теӊге (100%), "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - 6 457 947 200 теӊге (100%), "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - 500 000 000 теӊге (100%) және екінші деӊгейлі банктер - 20 000 000 000 теӊге (100%).

Осылайша, 3 453,5 мыӊ га. жалпы егін алқабына келіп түскен 2 323 өтінімдер қаржыландырылды.

2014 жылдыӊ егін жинау науқанында қалыптасқан қолайсыз ауа-райына байланысты бірқатар АШТӨ "ҚазАгро" Холдингі" АҚ еншілес компаниялары алдында міндеттемелерін уақытылы орындай алмағандығын атап өткен жөн. Осыған орай, "ҚазАгро" Холдингі" АҚ еншілес компаниялары республикалық бюджет алдында міндеттемелерін өз мерзімінде орындау мақсатында жеке немесе тартылған қаражатын қолдануына мәжбүр болды.

Сонымен қатар, 2012-2013 жылдары бюджеттік несие есебінен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен көктемгі-дала жұмыстарын қаржыландыру шеӊберінде АШТӨ-діӊ "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ алдында 2 983 901 363 теӊге сомасында (айыппұл мен %-ды қоса алғанда 3 221 186 700 теӊге) өтелмеген қарыздары бар.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны