28.06.2017, 19:05 4425

"ҚазАгро" ұлттық холдингі ҚР Премьер-Министрі Б.И. Сағынтаевқа Қызылорда облысыныӊ АӨК қаржыландыруы туралы есеп берді

Қызылорда облысы бойынша Холдингтіӊ инвестициялық қоржынында құны 6,3 млрд.теӊгеніӊ 13 жобасы бар. Құрылған жұмыс орындарыныӊ саны - жобаларды пайдалану кезеӊінде 224.

Қызылорда. 28 маусым. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі Қызылорда облысыныӊ АӨК қолдауға жалпы көлемі 2017 жылы 5 айында 102,9 млрд. теӊгені жұмсады. Жалпы республика бойынша 2016-2017 жылдары Холдингтіӊ агросекторды қаржыландыруыныӊ жалпы сомасы 383,9 млрд. теӊгені құрады,- деп хабарлайды Холдинг.

Қызылорда облысы бойынша Холдингтіӊ инвестициялық қоржынында құны 6,3 млрд.теӊгеніӊ 13 жобасы бар. Құрылған жұмыс орындарыныӊ саны - жобаларды пайдалану кезеӊінде 224. Осы уақытқа дейін құны 5,1 млрд.теӊгеніӊ 11 жобасы пайдалануға берілді, 164 жұмыс орны құрылды. Облыстағы аса ірі жобалардыӊ қатарында: "РЗА" АҚ сүт-тауарлы фермасы; "Сыр Маржаны" ЖШС, "Жан-Арай" ЖШС, "Агрохолдинг Байқоӊыр" ЖШСкүріш өӊдеу кәсіпорындары; "Шаған жер" ЖШС, "Сыр Маржаны" ЖШС бордақылау алаӊдары мен етті қайта өӊдеу кәсіпорны және т.б.

2016жылы облыста "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ желісі бойынша көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін несие серіктестіктері арқылы 41 ауылшаруашылық тауар өндірушілері 613 млн.теӊге сомасына қаржыландырылды, егістік алаӊыныӊ көлемі 20 мыӊ га. 2017 жылғы 21 маусым жағдайындағы мәліметтерге сәйкес бюджеттік бағдарлама шеӊберінде егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге 800 млн.теӊге сомасына 29 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. Жалпы республика бойынша бүгінгі таӊда Холдингпен бюджеттік несие қаражаты есебінен ғана осы жылдыӊ көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 54,2 млрд. теӊге сомасына 1852 шаруашылық пен агроқұрылымдар қаржыландырылды.

Қызылорда облысында "ҚазАгроныӊ" желісі бойынша 2007,9 млн.теӊге сомасына несие серіктестіктері (НС) қаржыландырылды, соныӊ ішінде:

o 2016 жылдыӊ 12 айында - 8 НС, 1767,6 млн. теӊге сомасына.

o 2017 жыдыӊ 5 айында - 8 НС, 450,9 млн. теӊгеге

2016 жылы және 2017 жылдыӊ 5 айында Қазақстанныӊ АӨК "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес компаниялары арқылы 42,6 млрд.теӊгеге 13,3 мыӊ шағын несие берілді, оныӊ ішінде:

o 2016 жылы - 10 995 шағын несие, 34 964,6 млн. теӊге сомасына, оныӊ Қызылорда облысында - 2641 млн. теӊге сомасына900 шағын несие берілді.

o 2017 жылдыӊ 5 айында - 7729,38 млн. теӊге сомасына2334 шағын несие, соныӊ ішінде Қызылорда облысында - 655,75 млн. теӊгеге 241 шағын несие берілді.

Мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы аясында облыс бойынша 2017 жылдыӊ 5 айыныӊ ішінде ғана "ҚазАгро" холдингініӊ компанияларымен қаржыландырылғаны:

- "Сыбаға" бағдарламасы бойынша: 313 млн. теӊге сомасына 1842 ІҚМ сатып алуға 49 АШТӨ. Облыс бойынша ІҚМ аналық басын сатып алу жоспары 2016 жылы - 127%-ға, 2017 жылдыӊ 5 айында - 92%-ға орындалды.

- "Алтын Асық" бағдарламасы бойынша: 33,0 млн.теӊгеге 9 АШТӨ 1057 ұрғашы қой сатып алу үшін. Облыс бойынша аналық ШММ басын сатып алу жоспары 2016 жылы - 206%-ға, 2017 жылдыӊ 5 айында - 106%-ға орындалды.

- "Құлан" бағдарламасы бойынша: 340 жылқы сатып алу үшін 107 млн.теӊгеге 12 жоба қаржыландырылды. Облыс бойынша ұрғашы жылқы сатып алу жоспары 2016 жылы - 97%-ға, 2017 жылдыӊ 5 айында - 80%-ға орындалды.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзініӊ құрылымына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтіӊ құрамына "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ енеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны