27.01.2016, 10:42 4107

"ҚазАгро" ұлттық холдингі мен Павлодар облысыныӊ аграрлары егістік жұмыстары мен кооперативтер құруды талқылады

Алдағы көктемгі-егістік жұмыстарын қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ облыстыӊ аграрлық шаруашылықтарын кооперациялар және ортақ жауапкершілік принциптерінде біріктіру мүмкіндігін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі мен Павлодар облысыныӊ ауылшаруашылық тауар өндірушілері талқылады

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алдағы көктемгі-егістік жұмыстарын қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ облыстыӊ аграрлық шаруашылықтарын кооперациялар және ортақ жауапкершілік принциптерінде біріктіру мүмкіндігін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі мен Павлодар облысыныӊ ауылшаруашылық тауар өндірушілері талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шаруашылықтар мен аймақтыӊ агроқұрылымдарынан басқа іс-шараға облыстыӊ әкімдігініӊ, аудандық әкімдіктердіӊ, "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес компанияларыныӊ аймақтық филиалдарыныӊ, Қазақстанныӊ Фермерлері одағыныӊ, Несие серіктестіктерініӊ, Екінші деӊгейлі банктердіӊ (ЕДБ) өкілдері қатысты.

Кездесуде атап өтілгендей, алдағы науқанды өткізуге және жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға "ҚазАгро" ұлттық холдингі 60 млрд.теӊге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтіӊ кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деӊгейлі банктердіӊ арасында бөлу болжанады. Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасыныӊ лизингіне "ҚазАгро" холдингініӊ компанияларымен меншікті және сырттан тартылған қаражат бағытталатын болады. Мысал үшін, өткен жылы АӨК басты даму институтымен егістік пен егін жинауды қаржыландырудыӊ жиынтық сомасы бюджеттік несие қаражатын қоса есептегенде 101,2 млрд. теӊгені құрады. Сарапшылардыӊ мәліметтері бойынша, "ҚазАгро" ұлттық холдингі Қазақстандағы барлық бидай өндірісініӊ 50% қаржыландырды. Жалпы алаӊы 6,5 млн. га, өсірілген және жиналған егінді есепке алғанда "ҚазАгро" холдингініӊ қаражаты есебінен әрбір екінші тонна астық өндірілген.

Шаруашылықтарда кепілдік базасыныӊ жетіспеушілігі, ал кей кезде тіптен болмауы басты себептердіӊ бірі болып табылатынын атап өту қажет, соныӊ салдарынан көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржы қаражатын алудыӊ қиындықтарына кездеседі. Несие ресурстарыныӊ жетіспеушілігі ауылдағы шағын және орта бизнестіӊ басқа проблемаларына - нашар техникалық жарақтандырудыӊ және өндірістіӊ шағын тауарлылығыныӊ алғышарты болады. "ҚазАгро" холдингініӊ кооперациялар принципінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі бастамасы мәселеніӊ шешімі болуы мүмкін. Оныӊ мәні, шаруалар бірігіп несие қаражаттарын алады, ал оларды қайтару кепілдігі кооперативтердіӊ мүшелерініӊ бір-бірініӊ алдындағы жауапкершілігі болып табылады.

"ҚазАгро" әзірлеген схема мынадай тәсілдерге негізделген:

1. Бірлестіктер кооперация және ынтымақты жауапкершілік принципінде ұйымдастырылады, олардыӊ қатысушылары алғашқы кезеӊде астық өндірушілер болып табылады. Осы ретте кооперация принципі өзін өзі басқару, бірлескен қызмет және оныӊ қатысушыларыныӊ барлығыныӊ теӊдігі ("бір қатысушы - бір дауыс"). Оныӊ қатысушыларыныӊ ынтымақты жауапкершілігі оныӊ қатысушыларыныӊ Бірлестікке астық жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне таралмайды.

2. "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Бірлестікпен тиянақталған бағамен жеткізгеннен кейін төлеу арқылы белгілі бір бидайдыӊ көлемін сатып алу шартын жасайды. Аталған көлем Бірлестіктердіӊ қатысушыларыныӊ арасында олардыӊ Бірлестіктен егістік және жинау науқандарына алған қаржы қаражаттарын қайтару бойынша міндеттемелерініӊ шеӊберінде бөлінеді.

3. Бірлестік дербес заӊды тұлға ретінде "Азық-түлік корпорациясы" АҚ бидайын өткізу кепілдігімен ЕДБ кепілзатсыз қарыз тартады.

Қарыз қаражаты Бірлестік мүшелері арасында көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, басымдықты түрде Бірлестікпен орталықтандырып төленген дайын тауарлық-материалдық құндылықтар түрінде бөлінеді. ТМҚ орталықтандырылған көтерме сатып алу Бірлестіктіӊ қатысушылары үшін жеӊілдік алуға мүмкіндік береді.

4. Шартта белгіленген бағадан бидайдыӊ нарықтағы бағасы асып кеткен жағдайда, Бірлестіктіӊ бидайды көп пайда алу үшін нарықта сатуға құқығы бар. Егер, нарықтағы баға шарт бойынша белгіленген бағадан түсіп кетсе, онда Бірлестік "Азық-түлік корпорациясы" АҚ бидайын өткізеді.

Бірлестік қызметініӊ ұсынылған схемасы ҚР АШМ "Атамекен" ҰКП, Қазақстанныӊ фермерлер одағымен қолдауға ие болды.

Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарында өткен жылы табысты іске асырылған кооперациялар бойынша пилоттық жобаға Павлодар облысыныӊ бірқатар шаруашылықтары да қызығушылық танытқанын атап өту қажет. Тәжірибені зерттеу мақсатында 2015 жылғы желтоқсан айыныӊ басында павлодар аграрларыныӊ делегациясы Ақмола облысы кооперативтерініӊ - "Аймақтық Астық Холдингі" ЖШС мүшелерініӊ қорытынды кеӊесініӊ жұмысына қатысты.

"ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ Павлодар облысыныӊ АӨК қаржыландыруы туралы ақпарат:

2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі компаниялары тобымен Павлодар облысыныӊ АӨК қолдауға 11,7 млрд.теӊге бағытталды. Бұл республика бойынша холдингпен қаржыландырудыӊ жалпы көлемініӊ 3,7%-ы (316,8 млрд. теӊге). "ҚазАгроныӊ" инвестициялық қоржынында Павлодар облысы бойынша жалпы құны 18,9 млрд.теӊгеніӊ 46 жобасы бар, оныӊ ішіндегі 17 млрд.теӊгеніӊ 38 жобасы пайдалануға берілді, 1,5 мыӊ жұмыс орнын құрылды. 2015 жылы жиынтық құны 7,8 млрд. теӊгеніӊ 10 жобасы іске қосылды және 567 жұмыс орны құрылды.

Жалпы Қазақстанныӊ АӨК бойынша Холдингтіӊ инвестициялық қоржынында бүгінгі күні жалпы құны 320,4 млрд.теӊгеніӊ 528 инвестициялық жобасы бар және пайдалануға беру кезеӊінде 16,0 мыӊ жұмыс орны құрылған.

Жалпы құны 262,3 млрд. теӊгеніӊ 453 инвестициялық жобасы қаржыландырылып және пайдалануға берілді, 14,0 мыӊ жұмыс орны құрылды.

2015 жылы Холдинг компанияларымен облыста 1 млрд.теӊгеден асатын сомаға 12 Несие серіктестіктері (НС) қаржыландырылды. Жалпы, республика бойынша осы кезеӊ ішінде 20,1 млрд.теӊге сомасына 137 НС қаржыландырылды.

Өткен жылдыӊ көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді қолдау шеӊберінде Павлодар облысы бойынша 1,5 млрд.теӊге сомасына 200 өтінім қаржыландырылды (ҚР бойынша барлығы -68 млрд. теӊгеге 3248 өтінім). 4,3 млрд. теӊге сомасына 390 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алуға шарт жасалды (ҚР бойынша барлығы - 57,5 млрд. теӊге сомасына 4195 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техника мен жабдықтар).

"ҚазАгро" холдингі" АҚ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны