22.05.2008, 11:33 2734

"ҚазАгро" ұлттық холдингі жыл басынан бері еліміздің ауылшаруашылығына 38 млрд теңге көлемінде бюджеттен тыс инвестициялар тартты

"ҚазАгро" ұлттық холдингі жыл басынан бері еліміздің ауылшаруашылығына 38 млрд теңге көлемінде бюджеттен тыс инвестициялар тартты

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -"ҚазАгро" ұлттық холдингі жыл басынан бері еліміздің ауылшаруашылығына 38 млрд теңге көлемінде бюджеттен тыс инвестициялар тартты. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде "ҚазАгро" АҚ басқармаларының төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекет басшысы алға қойған ауылшаруашылығына салынатын инвестициялар көлемін ұлғайту мақсатын шешу аясында холдинг ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің арзан несиелік ресурстарға деген сұранысын толық қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы капитал нарығынан бюджеттен тыс инвестицияларды белсене тартпақшы. Бүгінгі жағдаймен 38 млрд теңге тартылды, ал таяу уақыттарда біз тағы да 6,3 млрд теңге бюджеттен тыс инвестициялар түседі деп күтудеміз", - деді И. Смайылов.

"Қазір "ҚазАгроФинанстың" 24 млрд теңге көлемінде еурооблигациялар нарығына шығу жұмыстарының дайындық кезеңі жүргізілуде", - деді ол.

Холдинг басшысы ағымдағы жылы "ҚазАгро" ішкі және сыртқы капитал нарығынан шамамен 92 млрд теңге тартуды жоспарлап отырғанын, ол өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен екі есе артық екенін еске салды. "Жалпы алғанда 2008 жылы холдинг агроөнеркәсіптік кешеннің басымдық берілген бағыттарын қаржыландыруға 184,5 млрд теңге бағыттауды көздеуде, оның 71,9 млрд теңгесі бюджет қаржысы. Бұл былтырғы қаржыландыру көлемінен 58% артық", - деді И. Смайылов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны