27.04.2010, 18:05 4306

"ҚазАгро" ұсақ ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге 500 млн теңге бөлді

"ҚазАгро" ұсақ ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге 500 млн теңге бөлді

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі ұсақ ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге 500 млн теңге бөлді. Бұл туралы бүгін "ҚазАгро" Ұлттық холдингі басқармаларының төрағасы Асылжан Мамытбеков сенат депутаттарымен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1 шілдеге дейін біз кепілдік бере алмайтын ұсақ ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге 500 млн теңгенің несиелік бағдарламасын аштық. Несиелендіру мерзімі екі жылға дейін, бір қолға берілетін несие көлемі - 3 млн теңгеге дейін", - А. Мамытбеков.

"Бұл - мүлдем жаңа бағдарлама, ол Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының өз қаражаты есебінен іске асырылады", - деді ол.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, холдинг есебінен көктемгі егістік науқанын қаржыландыру көлемі шамамен 88 млрд теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны