29.09.2017, 12:30 4567

"ҚазАгро" Жамбыл облысыныӊ АӨК қолдауға 2017 жылы 8 млрд. теӊге бағыттады

"ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ Жамбыл облысыныӊ АӨК қолдауыныӊ жалпы көлемі 2017 жылғы 8 айы ішінде 8 млрд. теӊгені құрады. Жалпы республика бойынша 2017 жылы Холдингпен қаржыландырудыӊ жалпы сомасы 186 млрд. теӊгені құрады.

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ Жамбыл облысыныӊ АӨК қолдауыныӊ жалпы көлемі 2017 жылғы 8 айы ішінде 8 млрд. теӊгені құрады. Жалпы республика бойынша 2017 жылы Холдингпен қаржыландырудыӊ жалпы сомасы 186 млрд. теӊгені құрады.

Жамбыл облысы бойынша Холдингтіӊ инвестициялық қоржынында құны 8,4 млрд.теӊгеніӊ 36 жобасы бар. Құрылған жұмыс орныныӊ саны - пайдалануға беру кезеӊінде 760. Осы уақытқа дейін құны 7,9 млрд.теӊгеніӊ 35 жобасы пайдалануға берілді, 733 жұмыс орны құрылды. Облыстағы еӊ ірі жобалардыӊ қатарында: "Иулие-Ата Феникс" ЖШС құс фабрикасы; "Луговой жылқы зауыты" ЖШС бекіре тұқымдас балықты өсіру және т.б.

2017 жылы "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ желісі бойынша облыста көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 13 мыӊ га алаӊда 0,13 млрд.теӊге сомасына 18 АШТӨ қаржыландырылды. Жалпы республика бойынша Холдингпен бүгінгі таӊда бюджеттік несие қаражаты есебінен ғана осы жылдыӊ көктемгі-егіс жұмысына 58,1 млрд. теӊге сомасына 1804 шаруашылық пен агроқұрылымдар қаржыландырылды, ол аграрларға 2955 мыӊ га алаӊда егістік науқанын жүргізуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында "ҚазАгроныӊ" желісі бойынша 900,1 млн.теӊге сомасына 7 несие серіктестері қаржыландырылды.

Сонымен бірге 2017 жылы "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес компаниясы арқылы аймақтық ауылшаруашылық құрылымдарына 4487,8 млн.теӊге сомасына 881 шағын несие берілді. 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыныӊ екінші бағытын іске асыру шеӊберінде Жамбыл облысы бойынша 1,2 млрд.теӊге сомасына 294 қарыз алушы қаржыландырылғанын атап өту қажет.

Мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша облыс бойынша 2017 жылдыӊ 8 айы ішінде ғана "ҚазАгро" холдингініӊ компанияларымен қаржыландырылды:

- "Сыбаға" бағдарламасы бойынша - 1643 ІҚМ басын сатып алуға 367 млн. теӊгеге 38 жоба, ІҚМ аналық басын сатып алу бойынша 2017 жылдыӊ 8 айы ішінде облыс бойынша жоспар 82%-ға орындалды.

- "Алтын Асық" бағдарламасы бойынша - 14788 ұрғашы қой сатып алуға 360 млн.теӊгеге 55 жоба ШММ аналық басын сатып алу бойынша 2017 жылдыӊ 8 айы ішінде облыс бойынша жоспар 103%-ға орындалды.

- "Құлан" бағдарламасы бойынша - 795 бас ұрғашы жылқыларды сатып алуға 250 млн.теӊгеге 29 жоба, ұрғашы жылқыларды сатып алу бойынша 2017 жылдыӊ 8 айы ішінде облыс бойынша жоспар 159%-ға орындалды.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзініӊ құрылымына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтіӊ құрамына "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ енеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны