26.05.2011, 16:28 3018

ҚазАгроФинанс Қазақстанда мал азығын өндіруді қаржыландыра бастады - баспасөз баяны

Мал азығын өндіру - "ҚазАгроФинанс" компаниясының ауылдардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қаржыландырып отырған жетінші бағыты болып табылады.

"ҚазАгроФинанс" мал азығын өндіруге, соның ішінде арнайы техникалар мен құрылғылар сатып алуға, суармалауға, жаңа мал азығын өндіретін кәсіпорындар салуға және кеңейтуге қаржы бөле бастағандығын жария етті. Отандық лизинг компаниясының тек 2011 жылдың өзінде шамамен 1,2 млрд теңге бөлетіндігі белгілі болды.

Мал азығын өндіру - "ҚазАгроФинанс" компаниясының ауылдардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қаржыландырып отырған жетінші бағыты болып табылады.

Өздеріңізге белгілі компания Ұлттық қордан бөлінген қаржы есебінен республикамызда ірі сүт өнімдерін шығаратын фермалар, құрт фабрикаларын, жылыжай шаруашылығын, көкөніс сақтау, ауылшаруашылық техникаларын жинастыратын өндірістер желісін құруға, сонымен қатар тамшылап суару технологиясын енгізуге байланысты перспективті жобаларды белсенді түрде қаржыландырып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны