15.01.2008, 19:59 3488

"ҚазАгроИнновация" АҚ аграрлық ғылымның қаржыландыруын ауыл шаруашылық жалпы өнімнің 1% дейін көтеруді ұсынып отыр

"ҚазАгроИнновация" АҚ аграрлық ғылымның қаржыландыруын ауыл шаруашылық жалпы өнімнің 1% дейін көтеруді ұсынып отыр

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазАгроИнновация" АҚ аграрлық ғылымның қаржыландыруын ауыл шаруашылық жалпы өнімнің 1% дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін "КазАгроИнновация" АҚ президенті Төлеутай Рахымбеков премьер-министр Кәрім Мәсімовтың Ақмола облысына жұмыс сапармен барған кезінде айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.

"Аграрлық ғылымның қаржыландыру көлемін біртіндеп, ауыл шаруашылық жалпы өнімнің 1 % дейін көтеруді сұраймыз", - деді Т. Рахымбеков.

Ол атап өткеніндей, Қазақстанда аграрлық ғылымның қаржылындыру үлесі "ауыл шаруашылық жалпы өнімнің көлемінен әлді қайда төмен". Мәселен, " 2004 жылы АҚШ- ғылым қаржыландыру көлемі ауыл шаруашылық жалпы өнім көлемінің 1 % құраса, Канадада - 2% сәл жоғары, Австралияда - 1,5%, ал Қазақстанда 2004 жылы ол 0,22%құрады". " Аграрлық ғылымның бес жыл бұрын ауыл шаруашылық министрлігінің құрамына өткелі, оның қаржыландыру мөлшері 4,5 есеге өсті. Егер 2001 жылы 634 млн теңгені құраса, бүгінде оның көрсеткіші 2,7 млрд теңгеге жетті ", -деп толықтырды "ҚазАгроИнновации" басшысы.

Ол атап өткеніндей, аграрлық ғылымның қаржыландыру тәртібі жаңа жүйеге өтетін болады. Нақтырақ айтқанда , "зерттеулік деңгейдегі жұмыстар толығымен бюджеттік қаржы есебінен қаржыландырылады, өйткені бұл әзірге жеке инвестициялар үшін тиімсіз "

"Ал конструкторлық тәжірибелік жұмыстар деңгейінде 10 пайыздық жеке инвестиция тартылып, оны толық өндіріске қойып, шығару барысы кезінде "ҚазАгро" институтын тартып, жеке қаржы есебінен жүргізіледі. Бұл екі кезеңде мемлекеттің қатысуы жеке инвестициялардың тәуекелдерін азайтып, кәсіпкерлер үшін тиімділігін арттырады ", -деп есептейді Т. Рахымбеков.

"ҚазАгроИнновация" үкіметің қаулысымен 2007 жылдың 22 мамыр айында құрылды. Компанияның жарғылық капиталы 2,8 млрд теңгені құрайды. Компанияның 100% акциясы мемлекеттің меншігінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны