12.03.2013, 15:30 2980

"ҚазАгроҚаржы" 2013 жылғы егіс науқаны үшін елімізде құрастырылған 300-ден астам "Беларус" тракторын сатып алмақ

Бүгінгі таңда егіс науқанына қажетті техника аса сұраныста болып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамына жалпы құны 9,5 млрд. теңге тұратын ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке сатып алуға бірқатар республикалық агроқұрылымдардан 970 өтінім келіп түсіпті.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - "ҚазАгроҚаржы" АҚ 2013 жылдың көктемгі егіс науқанына дайындалу барысында "СемАЗ" ЖШС жасап шығарған отандық құрастыру өндірісінің 300-ден астам "Беларус" тракторын сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, ҚазАгроҚаржы" АҚ 2013 жылдың көктемгі егіс науқанына дайындалу барысында "СемАЗ" ЖШС жасап шығарған отандық құрастыру өндірісінің 300-ден астам "Беларус" тракторын сатып алуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда осы мақсатта жалпы құны 35 млн. астам теңгеге 27 "Беларус" тракторын сатып алу үшін келісімшарт жасалып та қойған. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде жалпы құны 1 млрд. астам теңгеге "СемАЗ" ЖШС зауытының техникасын лизингке табыстау жоспарлануда.

Бүгінгі таңда егіс науқанына қажетті техника аса сұраныста болып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамына жалпы құны 9,5 млрд. теңге тұратын ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке сатып алуға бірқатар республикалық агроқұрылымдардан 970 өтінім келіп түсіпті.

Жалпы алғанда, 2013 жылғы ауыл шаруашылығы іс-шаралары шеңберінде және қазіргі сұранысты ескере отырып, "ҚазАгроҚаржы" АҚ 1000-ға жуық әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен оларға қажетті аспалы топырақ өңдейтін жабдықтар сатып алмақшы. Тиісті шарттар қазақстандық өндірушілермен де, ауыл шаруашылығы техникаларының жеткізушілерімен де, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі серіктестермен де жасалған.

Ағымдағы жылы енгізілген субсидиялау тәртібіне сәйкес, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайтаруды міндетіне алып отырғанын айта кеткен жөн. Соның негізінде, "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамындағы ауыл шаруашылығы техникаларының және арнаулы техникалардың лизингі бойынша ставканың мөлшері, субсидиялау мөлшерін қоса есептегенде, 12,8%-дың орнына 5,8%-ды құрайды. Субсидия 3 жыл мерзімге беріледі, оның уақытын 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі қоса қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны