27.04.2010, 11:38 1861

"ҚазАгроҚаржы" АҚ 2010 жылы республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 54,9 млрд теңге инвестициялауды жоспарлап отыр

"ҚазАгроҚаржы" АҚ 2010 жылы республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 54,9 млрд теңге инвестициялауды жоспарлап отыр

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Жалпы "ҚазАгроҚаржы" АҚ 2010 жылы республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 54,9 млрд теңге инвестициялауды жоспарлап отыр, оның 35 млрд теңгесі - Ұлттық қор қаражатынан, деп хабарлайды Kazakhstan Today акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаражат ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалар, қайта өңдеу жабдықтарын сатып алуды қаржыландыруға қамтылған.

"Республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде "ҚазАгроҚаржы" компаниясына жалпы сомасы 86 млрд теңгеге 70 өтінім келіп түсті. Оның ішінде бүгінгі таңда ірі-тауарлы сүт фермаларын құру бағытында Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының шаруашылықтарынан келіп түскен 3 өтінім мақұлданды. Сонымен бірге ет бағытындағы құс фабрикасын салуға 6 өтінім, сонымен қатар Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру бойынша 2 өтінім мақұлданды. Көкөніс қоймаларын салу бағыты бойынша 5 жоба, жылыжай кешендері бойынша 4 жоба және тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша 1 жоба мақұлданды. Оның ішінде 11,8 млрд теңгеге 13 жоба қаржыландырылып та қойған",- деп хабарлайды компания.

Қорыта келгенде, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР агроөнеркәсіптік кешеніндегі алты перспективалық бағытта (республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жоғары технологиялы жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша өндірістер ұйымдастыру, сонымен қатар тамшылатып суару технологиясын енгізу) инвестжобаларды қаржыландыру шеңберінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ жалпы сомасы 22,6 млрд теңгеге 21 жоба мақұлдады. Қазіргі кезеңде 30,7 млрд теңгеге 24 жоба қаралу үстінде.

Айта кету керек, наурыз айынан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ ауылда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдер қараудың едәуір жеңілдетілген жаңа ережелерін қолдануда. Компания ықтимал қарыз алушылардың қолайлылығы үшін өтінімдерді алдын ала тікелей аймақтардың өзінде қажетті құжаттардың тізбесін қысқарта отырып, қарау тәртібін енгізді. Бірінші кезеңде келіп түскен өтінімдердің қажетті талаптарға сәйкестігін тексеретін компанияның аймақтық филиалдары мен өкілдіктерінде алдын ала талдау жасалады. Бұл ретте ықтимал қарыз алушы қажетті құжаттардың едәуір қысқартылған тізбесін тапсыруға тиіс. Оның ішінде қарыз алушы тарапынан ортақ қаржыландырылуын, жеткілікті кепілдіктік қамтамасыз етуінің болуын және жағымсыз несие тарихының болмауын растайтын құжаттар міндетті түрде талап етіледі. Мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылық өндірішілерге бастапқы кезеңде өз жобасының кемістіктерін анықтап, оны жоюға, сонымен қатар осы кезеңде міндетті емес құжаттарды жинаудан құтылып, уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Іріктеудің екінші кезеңі компанияның орталық офисында жүзеге асырылатын жобаның түпкілікті талдауын тұспалдайды және қажетті құжаттардың толық пакетін қажет етеді.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ - ҚР үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ құрамына енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны