08.02.2016, 09:35 3683

"ҚазАгроҚаржы" АҚ 2016 жылдыӊ көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техника сатып алуға өтінімдер қабылдай бастағаны жөнінде хабарлайды

"ҚазАгроҚаржы" АҚ 2016 жылдыӊ көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техника сатып алуға өтінімдер қабылдай бастағаны жөнінде хабарлайды. Жалпы қаржыландыру мөлшерлемесі 14 %, қосымша қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, жеӊілдікті кезеӊ мерзімі - бір жыл

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазАгроҚаржы" АҚ 2016 жылдыӊ көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техника сатып алуға өтінімдер қабылдай бастағаны жөнінде хабарлайды. Жалпы қаржыландыру мөлшерлемесі 14 %, қосымша қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, жеӊілдікті кезеӊ мерзімі - бір жыл, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Компания өкілдерініӊ айтуы бойынша, өтінімдерді қабылдау жұмысыныӊ ерте басталуы, біріншіден, аграршыларға шаруашылықтардыӊ машина мен трактор арсеналын жаӊартуды егіс жұмыстары басталардан бұрын бастау керек екендігін ескерту қажеттілігіне байланысты болып отыр. "Өтінімдерді қарап, оларды қаржыландыруға мақұлдау үшін ғана емес, сонымен қатар шетелден немесе Қазақстанныӊ өзге де аймақтарынан белгілі бір техниканы немесе жабдықты жеткізу үшін де компанияға белгілі бір уақыт керек екендігін аграршылар түсінуге тиіс. Қысқы шанаӊды жазда дайында демей ме халқымыз. Біздіӊ міндетіміз - республикамыздыӊ оӊтүстік аймақтарымен қатар солтүстік аймақтарында да мерзімінде, дәл егіс жұмыстарыныӊ басталуына қарай егіс далаларында техниканыӊ жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету" - деп айтып өтті Лизингтік жобалар департаментініӊ директоры Азамат Жалмағамбетов.

Сонымен бірге, таяу арада Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы шеӊберінде пайыздық ставканы субсидиялаудыӊ кезекті кезеӊініӊ іске қосылуы күтілуде. Бағдарлама шарттарына сәйкес, айналым капиталдарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларыныӊ лизингі бойынша сыйақы ставкалары жылына 7% дейін төмендетуге жатады, ал енді мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі салаларындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алуға арналған шарттар бойынша пайыздық ставка 10 % мөлшерінде мемлекет тарапынан субсидияланатын болады (қарыз алушыныӊ кемінде 50 бас а/ш малыныӊ немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер телімдерініӊ бар болуы туралы растама құжаты болған жағдайда).

Сөз орайына қарай айта кетсек, 2015 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық шеӊберінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ құны 11,5 млрд. теӊгеге 1 382 бірлік техника сатып алуды қаржыландырған. "Кеӊінен таралған" техникалардыӊ ішінде тракторлармен және тұқым сепкіштермен қатар тырма, кун, соқа, пішен тайлауыш, қопсытқыш, дестелегіш сияқты техника түрлері де бар дершілік. Көктемгі-егіс жұмыстары шеӊберінде диқаншылар сатып алатын техникалардыӊ көпшілік бөлігі қазақстандық өндірістіӊ, атап айтқанда, еӊ кеӊінен таралған үлгілердіӊ бірі - "СемАз" Семей автоқұрастыру зауытында шығарылған "Белорус" тракторлары екенін айта кеткен жөн. Техникаға арналған аспалы жабдық АҚШ-тан ғана емес, сондай-ақ Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан және басқа елдерден сатылып алынады.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз хатшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны