10.06.2015, 15:48 3819

"ҚазАгроҚаржы" АҚ АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушылардан құжаттар қабылдау шараларыныӊ басталғаны жөнінде хабарлайды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерініӊ төлем қабілеттілігін жақсарту, несие жүктемесін төмендету және банкротқа ұшырау тәуекелдіктерін барынша азайту мақсатында, "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шараларыныӊ басталғаны жөнінде жариялайды

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерініӊ төлем қабілеттілігін жақсарту, несие жүктемесін төмендету және банкротқа ұшырау тәуекелдіктерін барынша азайту мақсатында, "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шараларыныӊ басталғаны жөнінде жариялайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысуға "ҚазАгроҚаржы" АҚ қарыз алушылары құжаттарын тапсыра алады. Қарыз алушылардыӊ 2014 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін туындаған міндеттемелері, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыруға, құрылыстық-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға, негізгі құрал-жабдықтар сатып алуға, қаржы лизингіне жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын алу мақсаттарына қаржыландырылған шарттар қаржылық сауықтыруға жатады.

Қаржылық сауықтыру бағдарламасы шеӊберінде қаржыландыру мөлшерлемесін теӊгемен жылдық 7% дейін төмендету; қаржыландыру мерзімін қайта құрылымдау және 9 жылдан аспайтын мерзімге ұзарту; мерзімі өтіп кеткен сыйақыны бөліктеп төлеу; Негізгі борышты төлеу бойынша жеӊілдік беру; Тұрақсыздық айыпты (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару жобаланған.

Өзге мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін несие шарттары қаржылық сауықтыруға жатпайтынын айта кету керек. Сонымен бірге, қарыз алушылардыӊ қаржы берешектерініӊ қайта құрылымдалған жағдайларын қоспағанда, қызметтері ұйымдық-құқықтық нысандарыныӊ өзгеру, таралу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған қарыз алушылар, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсімінде немесе сауықтыру рәсімінде тұрған қарыз алушылар қаржылық сауықтыруға жатпайды. Сонымен бірге, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияныӊ субсидиялауды тоқтату туралы шешімі қабылданған қарыз алушылар бұл процедураға қайтадан қатыспайды.

Назарларыӊызға, қаржылық сауықтыру бағдарламасы ресми түрде старт алғаннан кейінгі небәрі бір аптаныӊ ішінде 12 млрд.теӊге негізгі борыштыӊ қалдық сомасына 185 шарт бойынша 72 қарыз алушы бағдарламаға қатысуға ниет білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны