13.05.2014, 20:33 1561

"ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске қосады

Қаржылық сауықтыру талаптарына қаржыландыру мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7% дейін төмендету, қаржыландыру мерзімін 9 жылдан артық емес уақытқа ұзарту, тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) есептен шығару кіреді.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқармасы индекстелген шарттары бар өзінің қарыз алушыларына түсетін қаржы жүктемесін төмендету шараларын бастағаны жөнінде хабарландырады.

Бекітілген шарттар бойынша АҚШ долларының бағамы АҚШ доллары үшін 182 теңгенің орнына 167,95 теңге көлемінде тиянақталатын болады, бұл ұлттық валюта бағамының ақпан айындағы төмендеуінің тигізген әсерін қарыз алушылардың айтарлықтай сезінбеуіне мүмкіндік беретін болады, деп "ҚазАгроҚаржы" АҚ хабарлады.

Еурода бекітілген шарттарға қатысты да осындай шаралар қолданылатын болады.

Сонымен бірге, "ҚазАгроҚаржы" АҚ АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін, қарыз алушылардан құжаттар қабылдау шараларының басталғаны жөнінде хабарландырады.

Аталмыш бағдарламаға "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамының өзінің агробизнесін қаржылық сауықтыруға мұқтаж барлық қарыз алушылары қатыса алады.

Қаржылық сауықтыру талаптарына қаржыландыру мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7% дейін төмендету, қаржыландыру мерзімін 9 жылдан артық емес уақытқа ұзарту, тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) есептен шығару кіреді.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ - ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімілігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына енеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны