13.04.2015, 14:03 4812

"ҚазАгроҚаржы" АҚ желісі бойынша ОҚО-да жетінші өнеркәсіптік жылыжай іске қосылды

Бұл Оӊтүстік Қазақстандағы заманауи жылыжайлардыӊ бірі. Оныӊ құрылысында "Rufepa" компаниясыныӊ испандық технологиясы қолданған. Оныӊ конструкциясы коррозияға жоғары орнықтылығымен ерекшеленеді, себебі барлық құрылымдық бөлшектері ыстық тәсілмен цинкталған. Жылыжай жарықөткізеді және оӊтайлы конденсацияны қамтамасыз етеді. Көкөністерді күтіп-баптау технологиясыныӊ негізінде суару, тыӊайтқыш және басқа ресурстарды экономдау жатады. Жобаныӊ жалпы құны 1 млрд. 19 млн. теӊге соманы құрады, жалпы соманыӊ 85 пайызы "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы қаржыландырылды.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентті шынында да Қазақстанныӊ "жылыжайлар астанасы" деп те атауға болады. Бүгінгі таӊда тек "ҚазАгроҚаржы" АҚ желісі бойынша ғана жалпы алаӊы 24 га ірі өнеркәсіптік жылыжай қаржыландырылып, іске қосылған. Алайда Оӊтүстік Қазақстанныӊ агробизнесі осы қол жеткен жетістіктермен тоқталмайды. Оӊтүстік Қазақстанныӊ агробизнесі осы қол жеткен жетістіктермен тоқталмайды. Ағымдағы жылы тек "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы ғана Оӊтүстік Қазақстанда жалпы жобалық қуаты 6 га астам тағы да үш өнеркәсіптік жылыжайдыӊ іске қосылуы жоспарланып отыр. Сөз орайына қарай айта кетсек, үш жаӊа жылыжайдыӊ бірі - "ҚазАгроном" ЖШС жылыжайы ендігі іске қосылған, әрі республиканыӊ оӊтүстік және оӊтүстік-батыс аймақтарыныӊ нарықтарына жыл сайын 531 тонна қияр мен 756 тонна қызанақ жеткізіп тұруға әзір. Жобаныӊ жалпы құны - 1 млрд. теӊгеден асады, жылыжай кешенініӊ алаӊы - 3 га, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл Оӊтүстік Қазақстандағы заманауи жылыжайлардыӊ бірі. Оныӊ құрылысында "Rufepa" компаниясыныӊ испандық технологиясы қолданған. Оныӊ конструкциясы коррозияға жоғары орнықтылығымен ерекшеленеді, себебі барлық құрылымдық бөлшектері ыстық тәсілмен цинкталған. Жылыжай жарықөткізеді және оӊтайлы конденсацияны қамтамасыз етеді. Көкөністерді күтіп-баптау технологиясыныӊ негізінде суару, тыӊайтқыш және басқа ресурстарды экономдау жатады. Жобаныӊ жалпы құны 1 млрд. 19 млн. теӊге соманы құрады, жалпы соманыӊ 85 пайызы "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы қаржыландырылды.

- Біз қаржыландыруды өте тиімді шарттармен ұсынамыз, бірде бір қаржылық институт кәсіпкерлер үшін бұндай жағдай жасамайды, - деп "ҚазАгроҚаржы" АҚ ОҚО ресми өкілі Фурхад Миркаримов мәлімдеді. - "Жабдық жылдық 6 пайыз мөлшерімен 10 жыл мерзімге лизингке беріледі. Жеӊілдетілген мерзім 2 жылды құрайды, бұл уақыт кәсіпкерге аяғына нық тұруға мүмкіндік береді".

Тұтас алғанда, көкністер жылыжайда аз көлемді гидропоника технологиясы қолданыла отырып, субстрат негізінде өсіріледі, бұл жылына екі рет - ақпан айынан маусымға дейін және тамыз айынан желтоқсанға дейін өнім алуға мүмкіндік береді. "ҚазАгроном" жылыжайында тұқым себу жұмысы ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айында жүзеге асырылып та қойғанын айтып кеткен жөн. Бүгінгі күні жылыжай аймақтыӊ азық-түлік нарықтарында ойдағыдай өтіп жатқан өзініӊ алғашқы өнімімен мақтануға әзір.

Назарларыӊызға, тұтас алғанда, республика бойынша, "Жылыжай кешендерініӊ желісін құру" инвестициялық бағыты шеӊберінде сомасы 36,9 млрд. теӊгеден аса сомаға жалпы алаӊы 94 га артық 26 жылыжай кешені қаржыландыруға мақұлданған. "ҚазАгроҚаржы" АҚ қолдауыныӊ арқасында тұрғызылған жылыжайлар еліміздіӊ нарықтарына жыл сайын 48 000 тоннадан артық жаӊа піскен көкөніс өнімдерін жеткізіп тұруға әзір екенін айтып кету қажет.

Бүгінгі күні "ҚазАгро" Холдингініӊ инвестициялық қоржыны 311,3 млрд.теӊге сомасына 500 жобаны құрайды, бұл 15,4 мыӊ жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы 50 млрд.теӊге сомасына 75 жобаны іске қосу жоспарланған. Бірінші тоқсанда 4,3 млрд.теӊгеге 6 жоба іске қосылып, 328 жұмыс орны құрылды.

Жылыжай кешендерініӊ құрылысы бағыты бойынша "ҚазАгро" Ұлттық холдингімен 45,9 млрд.теӊге сомасына 41 жоба пайдалануға берілді, оныӊ қуаттылығы147,4 га жерде 61,2 мыӊ тонна өнім шығару. Қазагрономды қоса алғанда 25,3 млрд.теӊге сомасына 26 жоба іске

"ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз хатшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны