25.06.2012, 09:43 2356

"ҚазАгроҚаржы" "Астық-2012" бағдарламасын ұсынды

"ҚазАгроҚаржы" компаниясы жаңадан құрылған "Астық-2012" бағдарламасы арқылы шаруаларға жеңілдікпен комбайн сатып алуға көмектеспек.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - "ҚазАгроҚаржы" "Астық-2012" бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазАгроҚаржы" компаниясы жаңадан құрылған "Астық-2012" бағдарламасы арқылы шаруаларға жеңілдікпен комбайн сатып алуға көмектеспек.

Бұл әсіресе, күзгі терімде - техника таппай, қиналатын дихандарға көмек.

Бағдарламаға сәйкес, шаруалар алғашқы кезеңде лизинг құнының тек он пайызын ғана төлейді. Оның өзін бірден емес, орақ науқанына дейін төлесе болғаны. Осы мақсатта "ҚазАгроҚаржы" 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға 760 бірлік комбайн жеткізу туралы бірқатар зауыттармен келіссөздер жүргізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны