16.08.2012, 14:12 3191

"ҚазАгроҚаржы" өнеркәсіптік үлгідегі 13 жылыжай кешенінің құрылысын қаржыландыруда

Бұл перспективалы жобаларға қолдау жасау лизингілік компанияның ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыруы ауқымында жүзеге асырылып жатыр. Объектілердің негізгі бөлігі Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген және олардың құрылысы мемлекеттік ҮИИД бағдарламасына сәйкес тұрғызылуда, деп хабарлады "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 16-тамыз. Kazakhstan Today - "ҚазАгроҚаржы" өнеркәсіптік үлгідегі 13 жылыжай кешенінің құрылысын қаржыландыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл перспективалы жобаларға қолдау жасау лизингілік компанияның ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыруы ауқымында жүзеге асырылып жатыр. Объектілердің негізгі бөлігі Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген және олардың құрылысы мемлекеттік ҮИИД бағдарламасына сәйкес тұрғызылуда, деп хабарлады "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде "ҚазАгроҚаржы" қаржыландырған жобалардың бірқатары ендігі іске қосылып, көкөніс өнімдері өндірісін жөнге салған. Иңгіме Ақмола облысы Степногорск қаласындағы алаңы 3,56 га "Қазақстанның жылыжай технологиялары" ЖШС, Қарағандыдағы алаңы 3 га "Green Technology" ЖШС, Ақтөбе облысындағы алаңы 3 га "Izet Greenhouse" ЖШС, Астанадағы алаңы 3 га "АстанаЭкоСтандарт" ЖШС жөнінде болып отыр. Алматы облысында алаңы 5,1 га жерде орналасқан "Green Land Alatay" ЖШС жылыжайына көшеттер отырғызуға дайындық жұмысы жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны