26.06.2015, 10:25 3739

"Қазагромаркетинг" АҚ ауылдық кеӊесшілерініӊ біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курстарын өткізуде

"Қазагромаркетинг" АҚ облыстық филиалдары негізінде аймақтық өкілдіктердіӊ және ауылдық ақпараттық-кеӊес беру орталықтары қызметкерлерініӊ біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курстары өткізілді

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ облыстық филиалдары негізінде аймақтық өкілдіктердіӊ және ауылдық ақпараттық-кеӊес беру орталықтары қызметкерлерініӊ біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курстары өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазагромаркетинг" АҚ ауылдық ақпараттық-кеӊес беру орталықтары еліміздіӊ 160 аудан орталығында жұмыс істеуде. Сонымен қатар консультациялық қызмет 14 облыс орталығы мен Астана, Алматы қалаларындағы өкілдіктер негізінде де қолжетімді.

Өткізілген оқыту курстарыныӊ басты мақсаты өкілдік қызметкерлері мен ауылдық кеӊесшілердіӊ агрокешен субъектілеріне ұсынатын тегін ақпараттық-кеӊестік қызметініӊ сапасын арттыру болып табылады.

Биылдыӊ өзінде "Қазагромаркетинг" АҚ агроөнеркәсіптік кешенніӊ 11 000 субъектісімен "Дербес қызмет көрсету" келісімдерін жасасқан.

Бұл келісімдер негізінде агрокешен субъектілері тегін ақпараттық қызмет ала алады, оныӊ ішінде ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін аграрлық саланы мемлекеттік қолдау шаралары, республиканыӊ барлық өӊірлері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ, азық-түліктіӊ, төрт түлік малдыӊ, жем-шөп пен жанар-жағармайдыӊ ағымдағы бағасы, әрбір өӊірге сәйкес тұқым сұрыптары, тыӊайтқыштар, улы химикаттар, сонымен қатар механизация құралдары, өндіріске енгізу үшін ұсынылған сынақтан өткен соӊғы ғылыми әзірлемелер, ұсақ және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған мәліметтер; агроөнеркәсіптік кешен үшін материалдық-техникалық ресурстарды және қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілер бойынша ақпарат, республикада және басқа да елдерде жоспарланып отырған семинарлар, тренингтер, ұйымдастырылатын көрме-жәрмеӊкелік шаралар туралы және т.б. мағлұматтар қолжетімді болып табылады.

Жыл басынан бері "Дербес қызмет көрсету" келісімдері негізінде "Қазагромаркетинг" АҚ аймақтық өкілдіктері аграрлық тауар өндірушілеріне 35 000 астам консультациялық-ақпараттық қызмет ұсынған. Оныӊ ішінде аймақтық желі мәліметіне сәйкес 14 000 астам консультация ағымдағы нарықтағы бағаларға қатысты болса, 7 200 астам кеӊес оқыту семинарлары мен көрме-жәрмеӊкелік шараларға, 5 300 астам сұрау саланы мемлекеттік қолдау мәселесіне байланысты болған.

Сонымен қатар "Қазагромаркетинг" АҚ "Дербес қызмет көрсету" келісімдерін жасаспаған ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне де тегін консультациялық қызмет көрсетеді.

Мәселен, биылғы қаӊтар-маусым айлары аралығында компания өкілдіктері мен ауылдық кеӊесшілері келісім жасаспаған тауар өндірушілеріне 12 000 астам консультациялық қызмет ұсынған. Оныӊ ішінде 4 000 астам қызмет ауылшаруашылық саласын мемлекеттік қолдауға, 3 000 астам қызмет ағымдағы нарықтағы бағаға қатысты болған.

Сонымен қатар компания кеӊесшілері мен өкілдіктерініӊ қызметкерлері агрокешен субъектілеріне арнап "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жаӊа қолдау шаралары жөнінде де ақпараттық консультациялар жүргізуде. Оныӊ ішінде агрокешен субъектілерін қаржылық сауықтыру, инвестициялық субсидиялау, несие мен лизингтіӊ пайыздық мөлшерлемесін азайту, қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру аясындағы субсидиялау шаралары бойынша ақпараттық кеӊестер берілуде.

Сондай-ақ компания көмегіне жүгінген тауар өндірушілерге "ҚазАгро" холдингісініӊ еншілес ұйымдары тарапынан берілетін несиелер мен лизинг жөніндегі ақпараттық кеӊестер де ұсынылуда.

Өткізілген оқыту курстары барысында компанияныӊ облыстық өкілдіктерініӊ қызметкерлері мен ауылдық кеӊесшілері аграрлық саланы мемлекеттік қолдау мен несиелеу саласындағы өзгерістермен таныс болып, біліктілік деӊгейлерін арттырды. Бұл компания ұсынатын тегін ақпараттық қызметтіӊ сапасын көтеруге бірден-бір ықпал етеді.

Еске сала кетсек, "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ақпараттық-консультациялық, аналитикалық және маркетингтік қызметтер көрсету нарығында 2003 жылдан бастап табысты қызмет етіп келеді. Компания агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету саласында арнайы мамандандырылған ұйым дәрежесіне ие болып табылады.

Қоғам Қазақстанныӊ облыс орталықтары мен аудандарында орналасқан ірі аймақтық желіге ие.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны