09.12.2011, 15:31 3899

Қазақ теңіз көлік флоты екі үлкен танкер сатып алды

Кеше құрылтайшысы 100 пайыз "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы болып табылатын "Қазақ теңіз көлік флоты" акционерлік қоғамы Грузияның Батуми теңіз айлағында Оңтүстік Кореяның "Самсунг хеви индастриз" (Samsung Heavy Industries) кеме жасау компаниясынан сатып алған көптонналық кемелерін алып келд. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақ теңіз көлік флоты екі үлкен танкер сатып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше құрылтайшысы 100 пайыз "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы болып табылатын "Қазақ теңіз көлік флоты" акционерлік қоғамы Грузияның Батуми теңіз айлағында Оңтүстік Кореяның "Самсунг хеви индастриз" (Samsung Heavy Industries) кеме жасау компаниясынан сатып алған көптонналық кемелерін алып келд. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Акционерлік қоғам әрқайсысының салмағы 115 мың тонна болатын "Афрамакс" (Aframax) типтес екі мұнай құю танкерін сатып алды. Жаңа кемелерге "Alatau" және "Altai" атаулары берілді. Аталмыш танкерлер Қара және Жерорта теңіздерінде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған.

Осылайша, "Қазақ теңіз көлік флоты" компаниялар тобы өз флотын көптонналық кемелермен ұлғайту арқылы өз қызметінің географиялық аясын кеңейте түспек. Аталмыш танкерлерді сатып алуды "ҚазМұнайГаз" компаниясы ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар аясында және "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асырды.

"Қазақ теңіз көлік флоты" "барлау-өндіру-тасымалдау-қайта өңдеу-жеткізу" қағидаты бойынша қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа тасымалдаудың логистикалық жүйесін сенімді пайдалану арқылы технологиялық тиімді көліктік дәліз құру міндетін қойып отыр. Бүгінде "Қазақ теңіз көлік флоты" акционерлік қоғамына қарасты компаниялар тобының флотындағы кеме саны 21 бірлікті құрайды, оның ішінде 8 танкер бар. 2020 жылға дейінгі дамыту стратегиясына сәйкес компания меншікті флоты үшін тағы көптонналы 4 кемені сатып алмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны