06.06.2006, 17:44 2855

“Қазақатомөнеркәсібі” 2015-2040-жылдар аралығында геологиялық барлау жұмыстарына 220 млн. доллардан астам инвестиция жұмсамақшы

СИЭТЛ. 6-маусым. Kazakhstan Today. “Қазақатомөнеркәсібі ҰАК” АҚ 2015-2040-жылдар аралығында геологиялық барлау жұмыстарына 220 млн. доллардан астам инвестиция жұмсамақшы. Бұл туралы бүгін АҚШ-тың Сиэтл қаласында өткен “Илемдік ядролық отын нарығы” атты жыл сайынғы бас қосуда компания президенті Мұхтар Жәкішев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біздің есебіміз бойынша, тек 2030-жылдан кейін өнім өндіру деңгейін сақтап қалу үшін геологиялық барлау жұмыстарына, соның ішінде шахталық тәсілмен игерілетін кеніштерге ауқымды инвестициялар салу талап етілмек”,- деді М.Жәкішев. Қазақатомөнеркәсібі 2015-жылдан бастап геологиялық барлау жұмыстарына 220 млн. доллардан астам инвестиция жұмсамақшы, деді ол.

“Біздің тәжірибемізге қарағанда, осындай жұмыстардың нәтижесінде қор ауқымы 400 мың тоннаға артпақ. Бұл өсім Қазақстанда уран өндіру көлемін 2090-жылға дейін 25 мың тонна деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік береді”,- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны