19.09.2006, 17:04 3083

"Қазақатомөнеркәсібі" мен Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылауда

АЛМАТЫ. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК мен Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылауда. Бұл туралы бүгін "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның вице-президенті Сергей Яншин "Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері" атты 4-халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қытайда ядролық энергетиканы дамыту жөніндегі бағдарлама қабылданды. Бірлескен кәсіпорын құру мәселесін қытайлық әріптестеріміз бағдарлама қабылданғанға дейін кейінге шегере тұруды сұраған. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр",- деді ол. "Бұл мақсатта Қызылорда облысындағы Қарасан кеніші қарастырылуда".

Дегенмен, ұлттық компания вице-президентінің айтуынша, бірлескен кәсіпорын құру мәселесі әзірге тек қарастырылу үстінде. "Ол құрылады деп дәл қазір тап басып айтуға болмайды. Басымдық өзгеруі де әбден мүмкін. Мүмкін тіпті басқаша ұйымдастыру кезеңіне ден қойып , сауда-саттық жөніндегі ұзақ мерзімді шартқа көшетін шығармыз. Мұндай жол да бар",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-қаңтарда Астанада Қазақатомөнеркәсібі ҰАК" АҚ мен Жапонияның "Сумитомо Корпорэйшн" және "Кансай Электрик Пауэр Ко., Инк." атты екі корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысында Мыңқұдық кенішіндегі "Батыс" учаскесін игеруші үш жақты бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды. "Қазақатомөнеркәсібі ҰАК" АҚ, "Сумитомо Корпорэйшн" және "Кансай Электрик Пауэр Ко., Инк." корпорациялары үлесті тиісінше 65%, 25% және 10% көлемінде бөлісіп отыр. Бастапқы қаржыландыру көлемі 100 млн. долларды құрайды. Кен орны 22 жыл қызмет етеді деп күтілуде. Жалпы алғанда 18 мың тонна уран өндіріледі деген есеп бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны