12.07.2017, 16:18 4576

"KAZAKH INVEST" неміс компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуда

Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы сомасы 3,6 млрд. еуродан астам неміс қатысуымен 37 инвестициялық жоба бар. Олардыӊ 22-і жүзеге асырылып, өз жұмыстарын жалғастыруда

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Астанада Германияныӊ Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердіӊ Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында, "Бәйтерек"Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев пен Дойче банктіӊ Басқарушы директоры Питер ТИЛЬС басшылық еткен Қазақстан-Германия Іскерлік Кеӊесі өтті. Іс-шараныӊ басты баяндамашылары - Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму Министрі Жеӊіс ҚАСЫМБЕК, "Қазақстанныӊ шетелдік инвесторлар кеӊесі" Қауымдастығы Басқармасыныӊ төрағасы Ульф ВОКУРКА, "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Мақсат ҚАБАШЕВ, Қазақстан Республикасыныӊ Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті ЕлшісіРольф МАФАЭЛЬ.

Іс-шараныӊ қатысушыларыекі жақты мәселелерді, соныӊ ішіндеҚазақстан мен Германия арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы серіктестік туралы Үкіметаралық келісімдіжүзеге асырутуралы талқылады.

"KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясыныӊ басшысы Мақсат Қабашев қатысушыларға компанияныӊ қызметін және Қазақстан Республикасыныӊ инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.Өз сөзінде, Мақсат Қабашев:

- Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы сомасы 3,6 млрд. еуродан астам неміс қатысуымен 37 инвестициялық жоба бар. Олардыӊ 22-і жүзеге асырылып, өз жұмыстарын жалғастыруда. Екі ел арасындағы тиімді ынтымақтастықтыӊ мысалы ретінде мына компаниялармен бірлескен жобаларды айтуға болады: Knauf, Linde Group, HeildelbergCement, BASF, ThyssenKrupp және т.б. Германиялық серіктестеріміздіӊ әзірге қызығушылығы машина жасау, химия, бөлшек сауда, энергетика және құрылыс сияқты салаларда болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта, жақын арада іске қосу жоспарланып отырған, тау-кен секторында болашағы зор бірнеше жоба бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан-Германия Іскерлік Кеӊесі отырысыныӊ шеӊберінде 973 млн еуро сомаға жуық 20-дан астам коммерциялық келісімдерге соныӊ ішінде, Қазақстанда техникалық газдар мен сутегін өндіру өндірісіндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға "Linde Group" AG компаниясыныӊ ниеті туралы "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ мен "Linde Group" AG компаниясыныӊ арасындағы негіздемелік келісімге қол қойылды.

"Kazakh Invest" ҰҚ" АҚ* Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Шетелде өз өкілеттерініӊ үлкен желісіне ие. "Kazakh Invest" ҰҚ" АҚ "бір терезе" принципі бойынша идеялардан бастап жүзеге асырылғанға дейін инвестициялық жобаларға ілесу бойынша қызметтердіӊ толық спектрін қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасыныӊ арнаулы экономикалық зонасы бойынша бірыӊға үйлестіру орталығы ретінде әрекет етеді.

*Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 01.03.2017 жылғы №100 Қаулысына сәйкес "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" Акционерлік қоғамы атауы "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамына ауыстырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны