07.09.2018, 23:09 4891

"Kazakh Invest" Ұлыбритания мен Ирландияныӊ мемлекеттік мекемелерімен бір қатар кездесулер өткізді

Бұдан басқа, банктер үшін сақтандыруды және кепілдіктерді ұсыну жолымен экспорттаушылар мен инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсететін UK Export Finance басшылығымен кездесу болды. Кездесуде UKEF желісі бойынша қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланды.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - "KazakhInvest" басқарма төрағасыныӊ орынбасары Рустам Исатаев Ұлыбритания мен Ирландия Республикасыныӊ мемлекеттік агенттіктерініӊ өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады.

Лондонда Рустам Исатаев Халықаралық сауда департаментініӊ өкілі Эндрю Кейрмен кездесті. Бұл ұйым Біріккен Корольдігініӊ және ЕО кірмейтін елдердіӊ арасындағы сауда келісімдерді жасау және кеӊейту үшін жауапты, Ұлыбританияныӊ үкіметтік департаменті болып табылады. Тараптар Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндігін талқылады.

Бұдан басқа, банктер үшін сақтандыруды және кепілдіктерді ұсыну жолымен экспорттаушылар мен инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсететін UK Export Finance басшылығымен кездесу болды. Кездесуде UKEF желісі бойынша қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Дублин қаласында "IDA Ireland" ирландиялық мемлекеттік агенттікпен инвестицияларды тарту жөнінде кеӊес беру және тәжірибе алмасу өтті. 1949 жылы құрылған IDA әлемніӊ барлық континенттерінде 28 кеӊсесі бар, ол Ирландияға шетел инвестицияларын тартумен айналысады.

Бұл кездесулер 2018 жылдыӊ 2 қазан айында Лондонда өтетін, Kazakhstan Global Investment Forum-ына дайындалу шеӊберінде ұйымдастырылды деп атап өту керек. Форумға өӊірдіӊ еӊ ірі компанияларыныӊ 150-ден артық басшылары жиналады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны