11.03.2020, 16:07 3196

"KazakhExport" ЭСК" АҚ-ның жай акциялары жалпы сомасы 34 млрд теңгеге орналастырылатын болады

2019-2020 жылдары "KazakhExport "ЭСК" АҚ-ны капиталдандыруға 68 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған (2019 жылы-34 млрд теңге, 2020 жылы-34 млрд теңге).

Алматы. 11 наурыз. Kazakhstan Today - "KazakhExport" ЭСК" АҚ-ның жай акциялары жалпы сомасы 34 млрд теңгеге орналастырылатын болады.

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-ның Директорлар кеңесін өткізді.

"KazakhExport "ЭСК" АҚ Директорлар кеңесінің ішкі және сырттай отырыстарында компания қызметіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Нәтижесінде бірқатар шешімдер қабылданды.

"KazakhExport" ЭСК" АҚ Басқармасының өкілеттігі 3 жыл мерзімге ұзартылды.

Ресей Федерациясы мен Қырғызстанға өндірілетін өнімнің экспортын дамыту үшін айналым қаражатын толықтыру мақсатында Deutsche Investitions- und Entwicklungsgesellschaft (DEG) алдындағы экспорт алды қаржыландыруға салынған 290 млн. рубль сомасында "RG Brands Kazakhstan" ЖШС-ның міндеттемелерін сәйкесінше орындаумен байланысты коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру лимитін белгілеу туралы мәміле мақұлданды.

Сонымен қатар, Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес жай акцияларды "KazakhExport "ЭСК" АҚ жарияланған акцияларының саны шегінде жалпы сомасы 34 млрд.теңгеге орналастырылады деп шешілді.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау шеңберінде ҚР Үкіметіне алдағы үш жылға өңдеуші өнеркәсіпті және шикізаттық емес экспортты қолдауға қосымша 500 млрд. теңге бөлу тапсырылғанын естеріңізге сала кетейік.

Осыған байланысты 2019-2020 жылдары "KazakhExport "ЭСК" АҚ-ны капиталдандыруға 68 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған (2019 жылы-34 млрд теңге, 2020 жылы-34 млрд теңге).

Анықтама:

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ " АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілетуші агент. "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-ның миссиясы - экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының өсуіне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны