06.02.2018, 16:45 6381

"KazakhInvest" Басқарма Төрағасы ҚХР Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Қытай Қазақстанда қабылданған 2018 - 2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес, инвестицияларды тартуға арналған басымдықты шет елдері тізіміне кіреді. Ынтымақтастықтыӊ индустриялық-инвестициялық бағдарламасы жалпы сомасы $ 27 млрд. доллардан астам 51 жобадан тұрады.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада "Kazakh Invest" Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қытай Халық Республикасыныӊ Қазақстандағы Елшісі Ханьхуэй Чжано мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеӊберіндегі инвестициялық әріптестік сұрақтарын талқылады.

Қытай Қазақстанда қабылданған 2018 - 2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес, инвестицияларды тартуға арналған басымдықты шет елдері тізіміне кіреді. Ынтымақтастықтыӊ индустриялық-инвестициялық бағдарламасы жалпы сомасы $ 27 млрд. доллардан астам 51 жобадан тұрады.

Тараптар кездесу барысында, Қазақстанныӊ Қытай үшін Орталық Азиядағы ірі сауда серіктесіне және Еуразия аймағындағы инвестициялар салатын ірі объектісіне айналғанын атап өтті. Ляньюньган қытайлық-қазақстандық логистикалық терминалы, Қазақстанға Азия-Тынық мұхит аймағына теӊізге шығатын орынға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Қазақстанныӊ темір жолдары Қытайдыӊ Еуразиялық трансконтиненталдық дәлізіне кіруіне мүмкіндік береді.

"Бір белдеу, бір жол" жаӊа бағдарламасы" Қазақстандағы шетелдік инвесторларға үлкен перспективалар ұсынады. Біз инфрақұрылымдық жобалар, шикізаттық емес сектор шеӊберінде іс жүзіндегі өзара қарым-қатынасты күшейтуге ниеттіміз", - деп атап өтті "Kazakh Invest" басшысы Сапарбек Тұяқбаев.

ҚХР ҚР Елшісі Ханьхуэй Чжан өз кезегінде қытай компанияларыныӊ қазақстан нарығындағы іскерлік белсенділіктерініӊ ауқымыныӊ кеӊеюіне мүдделілігін көрсетті.

Қытайлық инвестициялардыӊ негізінен, жеӊіл өнеркәсіп, жаӊа технологиялар, халық тұтынатын тауарлары өндірісі, металлургия, мұнай мен газды өӊдеу, химия өнеркәсібі, машина құрастыру, энергетика, ауылшаруашылығы өнімдерін өӊдеу, көлік және логистика тәрізді салаларға тартылатынын айта кету қажет.

Жобалар негізінен экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісіне бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны