18.06.2018, 15:55 4457

"KazakhInvest" пен Қостанай облысыныӊ әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Астанадағы жұмыс мәжілісі барысында сондай-ақ шетелдік инвесторлар қатысатын жобаларды жандандыру қарастырылды. Аталмыш кезеӊдегі аймақтыӊ инвестициялық жобалары тізбесі жалпы сомасы 146,1 млрд. теӊге болатын 21 инвестициялық жобадан тұрады, олардыӊ ішінде 80% астамы шетелдік инвестициялар.

Астана. 19 маусым. Kazakhstan Today - Астанада "KazakhInvest" Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Мухамбетов, аймақтыӊ инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

"Қостанай облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалынған және "KazakhInvest" барлық сұрақтар бойынша қолдау көрсетеді. Қазірдіӊ өзінде аймақтық жобалар бойынша нақты шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізу жайындағы келісімдерге қол жеткізілген. Және жалпы, жылдыӊ басынан бастап "KazakhInvest" өкілдерініӊ, инвестиция салу үшін неғұрлым тартымды 11 елдіӊ ірі компанияларымен келіссөздер жүргізгенін атап кету қажет. Біз 60 астам жаӊа инвесторларды анықтадық, және енді бұл жобаларды орналастыру, локалдандыру үшін облыс әкімдіктерімен белсенді жұмысты бастаймыз", деп атап өтті "Kazakh Invest" Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.

Меморандумға сәйкес, Қостанай облысыныӊ әкімдігі шикізаттық базаныӊ, жер ресурстарыныӊ, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу және т.б. тәрізді критерийлерді ескере отырып инвестиция салуды талап ететін "игерілмеген" жобалар тізбесін жасайды. "KazakhInvest" өз кезегінде "игерілмеген жобаларды" жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеумен және тартумен айналысатын болады.

Тараптар инвесторлардыӊ өтініштерін жылдам қарастыру, оларға қолдау көрсету және "бір терезе" принципі бойынша қызметтер көрсету, инвестициялық жобаларға бірлескен мониторинг жүргізе және "KazakhInvest" әзірлеген IRM ("InvestorsRelationshipManagement") ақпараттық-мониторингтік жүйесіне келіп түсетін инвесторлардыӊ сұрақтарын шешу жайында келісімге келді.

Астанадағы жұмыс мәжілісі барысында сондай-ақ шетелдік инвесторлар қатысатын жобаларды жандандыру қарастырылды. Аталмыш кезеӊдегі аймақтыӊ инвестициялық жобалары тізбесі жалпы сомасы 146,1 млрд. теӊге болатын 21 инвестициялық жобадан тұрады, олардыӊ ішінде 80% астамы шетелдік инвестициялар.

"Біз Қостанай облысы аумағында ірі іргелі жобаларды жүзеге асыру үшін "KazakhInvest" бірге ынтымақтаса жұмыс атқарамыз. Қазіргі таӊда өӊірде 400 га Индустриалдық аймақтыӊ құрылысы салынуда. Еӊ алғашқылардыӊ бірі болып инвестициясыныӊ жалпы көлемі 1,1 млрд. АҚШ долл. құрайтын "СМС" қытай компаниясы және "Аллюр Компаниялар Тобы" автомобиль кластерін дамыту бойынша жобасы орналасатын болады. Бұл туралы келісімге Елбасымыздыӊ жуырдағы Қытайға сапары барысында қол жеткізілді", деп атап өтті Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Мухамбетов.

Атап кететіні, Қостанай облысыныӊ әкімдігі өӊірдіӊ инвестициялық жобалары мен аумақтары, сондай-ақ қол жетімді инфрақұрылымныӊ және пайдалы қазбалардыӊ барлығы бойынша ақпараттан тұратын облыстыӊ интерактивті инвестициялық картасын енгізген. Картадағы барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі ұсынылған сайтта қол жетімді:www.map.investinkostanay.kz. Өӊірде қолдау көрсетуге және әлеуетті инвесторлардыӊ өӊірдегі проблемалық сұрақтарын және жүйелік кедергілерді қарастыруға арналған Инвесторларды тарту бойынша Кеӊес қызмет атқарады.

Анықтама үшін: Жуырда Қостанай облысында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Ірі жобалардыӊ бірі, жалпы құны 81,4 млрд. теӊгені құрайтын дән және май дақылдарын тереӊ өӊдеу бойынша ауыл шаруашылық хабын құру болып табылады. Қытайлық инвесторлардыӊ қатысуымен жобаныӊ бастамасын көтерген "Kazmeal" (Казмил) ЖШС болып табылады. Жобалық қуаттылығы 600 мыӊ тонна бидайды (оныӊ ішінде, 100 мыӊ тонна ұн, 100 мыӊ тонна глютен және 350 мыӊ тонна кеспе өндіру), 120 мыӊ тонна май өнімдерін өӊдеуге, 1 млн. тоннаға дейін қоспа жем өндіруге есептелінген.

Сонымен қатар, Елбасыныӊ сапары шеӊберінде Қостанай облысындағы машина құрастыру саласын дамыту бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды. "АллюрКомпаниялар Тобы" АҚ, қытайлық "ChinaNationalMachineryImportandExport, Co" (СМС) компаниясы және "Бәйтерек" холдингі арасында Жол картасына қол қойылды.Аталмыш жоба шеӊберінде инвестициялардыӊ жалпы көлемі 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын толыққанды автомобиль кластерін (автобустар, жүк көліктері, электромобильдер) құру жоспарлануда. Бұдан бөлек, "АгромашХолдинг KZ" АҚ және "YTO" арасында Қазақстанда тракторларды жинақтау өндірісін ұйымдастыру бойынша әріптестік туралы меморандум жасалынды. "YTO" компаниясы-бұл қытайлық трактор техникасыныӊ еӊ ірі өндірушісі. Бұдан әрі жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қою жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны