25.06.2012, 10:51 2831

Kazakhmys Николаев байыту фабрикасын қалпына келтіруге $80 млн жуық қаржы бөледі

Қазақмыс Николаев байыту фабрикасын қалпына келтіріп жатыр. Жобаның құны $80 млн жуық деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Өскемен. 25-маусым. Kazakhstan Today - Kazakhmys Николаев байыту фабрикасын қалпына келтіруге $80 млн жуық қаржы бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақмыс Николаев байыту фабрикасын қалпына келтіріп жатыр. Жобаның құны $80 млн жуық деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Дүйсенбіде таратылған баспасөз хабарламасына сәйкес, қалпына келтіру жұмыстары фабриканың кенді қайта өндеу қуатын қазіргі 1,8 млн. тоннадан 2,2 млн. тоннаға дейін жеткізуге көмектеседі. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанда мыс, мырыш және қорғасынды аттас концентраттарға бөліп алу арта түседі деп күтілуде.

Сонымен қатар бұрын мыс, мырыш, қорғасын концентраттарының құрамында қалып келген бағалы металдар бөлек гравитациялық концентратқа бөлініп алынатын болады.

Жобаның аясында ұсату, флотация, реагенттерді дайындау бөлімдерін және дозалау алаңын қайта құру бағдарламасы жасалды. Қолданыстағы диірмендерді жаңалау, сорғы-гидроциклды қондырғыларды құрастыру көзделген. Бүгінгі күні монолитті темір бетонды жону, іргетасқа арналған тас-топырақ қазу жұмыстары жүріп жатыр. Технологиялық жабдықтарды, құбырларды құрастыруға дайындық жасалып, бір қалыпты бұйымдар (өткізгіштер, фланцтер), құбырлардың тіреулері, флотомашиналарға арналған бағаналар мен арқалықтар әзірленуде.

Николаев байыту фабрикасын қалпына келтіру жұмыстары 2013 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны