11.05.2012, 10:19 3148

"Kazakhstan Project" "БЖК-2020" шеңберінде 1 млн долларға жұмыртқаға арналған қағаз кейстер шығаратын желіні іске қосты

"Kazakhstan Project" ЖШС директоры Қуаныш Қабиденовтың мәліметінше жаңа жобаға тартылған ивестиция 1 млн долларды құрады, оның 300 мың долларын кәсіпорындар "БЖК-2020" бағдарламасы бойынша алды.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - "Kazakhstan Project" "БЖК-2020" шеңберінде 1 млн долларға жұмыртқаға арналған қағаз кейстер шығаратын желіні іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Kazakhstan Project" ЖШС директоры Қуаныш Қабиденовтың мәліметінше жаңа жобаға тартылған ивестиция 1 млн долларды құрады, оның 300 мың долларын кәсіпорындар "БЖК-2020" бағдарламасы бойынша алды.

Жаңа желінің өндірістік қуаты жылына 600 мың кейсті құрайды. Өнімді негізінен отандық құс фабрикалары тұтынады деп жоспарлануда. 1 кейстің бағасы ҚҚС қосқанда 18 теңгені құрайды.

"Іске қосылатын қағаз кейстер өндірісі біздің облыс үшін жаңа өнім түрі болып табылады. Заманауи технологияларды пайдаланудың жоғары әлеуметтік маңызы бар", - деді желіні іске қосу салтанатында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын.

"Kazakhstan Project" 2009 жылы құрылды. Қызметінің негізгі түрі - целлюлоза-қағаздан 150 түрге негізделген гигиена құралдарының өндірісі және іске асыру. Кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты - 18 млн доллар.

Еске сала кетейік, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің " Жаңа онжылдық - Жаңа экономи калық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері " атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны