Система Orphus

"Қазақмыс" 1-жартыжылдықта қазақстандық өндірушілерден 37,7 млрд теңгенің тауарын сатып алған

26.07.2012, 15:16 575

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - "Қазақмыс" 1-жартыжылдықта қазақстандық өндірушілерден 37,7 млрд теңгенің тауарын сатып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында "Қазақстандық өнім жасаймыз!" атты тауар өндірушілерді қолдауға арналған ІІІ форум өз жұмысын бастады.

"Шараға халықаралық және отандық кәсіпорындардың, мемлекеттік ведомстволардың, даму институттары мен өндіруші компаниялардың өкілдері қатысуда. 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақмыс компаниялар тобы 86,6 млрд. теңгенің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін, оның ішінде 62,1 млрд. теңгеге тауарлар, ал 24,5 млрд. теңгеге қызметтер сатып алды", деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Аталған көлемдегі қазақстандық компаниялардан сатып алынған үлес 37,7 млрд. теңгені, яғни 44 пайызды құрады. Сонымен қатар СТ-KZ сертификаты рәсімделген отандық компаниялардың тауарлары көлемі жұмыстарда 13,3 млрд. теңгені, ал қызметтерде 24,4 млрд. теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны