11.12.2012, 10:49 3908

"Қазақмыс" 2015 жылы Ақтоғай кен орнын игере бастайды

Ақтоғай кен орнындағы құрылыс жұмыстары 2013 жылдың бірінші жартысында қолға алынбақ. Кен орнындағы мыс өндіру жұмысы 2015 жылы басталады. Сульфидті кенді өңдеумен айналысатын фабриканың құрылысы 2016 жылдың басында аяқталып, алғашқы кен сол жылы өңделе бастайды. Ақтоғай кен орнында "Қазақмыс" компаниясы алғашқы онжылдықта жылына 104 мың тонна мыс өндірмек. Мыстың одан кейінгі жылдық орташа өндірісі 72 мың тонна болады.

Алматы. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазақмыс" тобының директорлар кеңесі Ақтоғай кен орнын игеру жобасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз конференциясында компания бас басқарушы директоры Олег Новачук мәлім етті.

Ақтоғай кен орнындағы құрылыс жұмыстары 2013 жылдың бірінші жартысында қолға алынбақ. Кен орнындағы мыс өндіру жұмысы 2015 жылы басталады. Сульфидті кенді өңдеумен айналысатын фабриканың құрылысы 2016 жылдың басында аяқталып, алғашқы кен сол жылы өңделе бастайды. Ақтоғай кен орнында "Қазақмыс" компаниясы алғашқы онжылдықта жылына 104 мың тонна мыс өндірмек. Мыстың одан кейінгі жылдық орташа өндірісі 72 мың тонна болады.

Қытай шекарасынан 250 шақырымда орналасқан Ақтоғай кен орнын зерттеу 2004 жылдан бері жүзеге асып келеді.

Осы уақыт аралығында "Қазақмыс" тобы 1600 м тереңдікте жер қабатын бұрғылап, толық зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде мыстың жер жынысындағы орташа құрамы 0.33% екендігі анықталып, кен орнында 1 719 млн тонна минералды ресурстар қоры бар екендігі бегілі болып отыр.

Кеңестік кезеңде зерттелмеген Ақтоғай мен Бозшакөл жобасы Қазақмыс тобының игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының санатына жатады.

"Мен 50 жылға есептеліп отырған Ақтоғай жобасының бекітілгендігі туралы қуана хабарлаймын. Бұл біздің екінші ірі жобамызды игеру ісіне кірісуге мүмкіндік береді. Бозшакөл мен Ақтоғай бізді 200 мың тонна мөлшеріндегі қосымша шығыны аз өніммен қамтамасыз етеді. Кен өндіру жаңа технологиямен жүзеге аспақ. Бұл Қазақмыс компаниясын да, Қазақстанның тау-кен өндірісі саласын да жаңа деңгейге көтереді. Бұл екі жобаға құйылған инвестицияның жалпы мөлшері 4 млрд АҚШ долларынан асады. Мұның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, еліміз бойынша тау-кен өнеркәсібінің тұрақты өсімі қамтамасыз етіледі", - деді "Қазақмыс" компаниясының басқарушы Бас директоры Олег Новачук.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны