12.12.2012, 10:44 3099

"Қазақмыс" биыл жаңа кен орындарын ашуға 80 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды

"Бозшакөл, Ақтоғай кен орындарын игеру өте үлкен қаржыны талап етеді. Сондықтан, біз Қытай даму Банкімен несие алу туралы келісімге отырдық. Ал, орта деңгейлі кен орындарын игеруге өзіміз қаржы салып жатырмыз", - деді О.Новачук.

Алматы. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазақмыс" биыл жаңа кен орындарын ашуға 80 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы баспасөз конференциясында "Қазақмыс" компаниясының бас басқарушы директоры Олег Новачук мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Бозшакөл, Ақтоғай кен орындарын игеру өте үлкен қаржыны талап етеді. Сондықтан, біз Қытай даму Банкімен несие алу туралы келісімге отырдық. Ал, орта деңгейлі кен орындарын игеруге өзіміз қаржы салып жатырмыз", - деді О.Новачук.

Бас басқарушы директордың мәлімдеуінше, қазіргі таңда елімізде орташа деңгейлі мыс кен орындары көптеп кездеседі. Олардың ішінде Жомарт, Сарыоба, Артемовский, Нұрқазған, Абыз-2 т.б. ондаған кен орындары игерілуін күтіп отыр.

"Абыз-2 кен орны 2014 жылдан бастап, Жомарт-2 - 2018, Нұрқазған - 2020 жылы игеріле бастайды. Біз ескі кен орындарындағы минералды ресурстар түгесіле бастағанда жаңа кен орындарын іздейміз. Бозшакөл, Ақтоғай кен орындары солардың қатарында", - деп толықтырды компания бас директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны