03.07.2012, 14:06 3348

Қазақмыс Бозшакөл кенішіндегі тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастайды

Жаңа кен байыту комбинаты мыс саласын өндіруді дамытудың бастамасы болады.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Қазақмыс Бозшакөл кенішіндегі тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңа кен байыту комбинаты мыс саласын өндіруді дамытудың бастамасы болады.

Бүгін телекөпір барысында Павлодар облысындағы "Бозшакөл" кен байыту комбинатының құрылысы басталды.

"Сіздің индустриялық- инновациялық даму бағдарламаңыздың арқасында "Қазақмыс" корпорациясы бүгін өзінің ТМД -дағы ең ірі жобасын бастайды", - деді телекөпір барысында "Қазақмыс" корпорациясының" басқарма төрағасы Эдуард Огай.

Сонымен бірге, компания басшысы кен байыту комбинатының іске қосылуы металлургиялық қуаттарды 40 жылға шикізатпен қамтамасыз ететінін, ал бұл өз кезегінде мыс саласын дамытудың бастамасы болатынын атап өтті. Комбинат ең жаңа технологиялық жабдықтармен жарақталатын болады. Бірінші өнімді 2015 жылы өндіру жоспарлануда.

"Бозшакөл" Қазақстандағы ең ірі жобалардың бірі, онда жылына 100 мың тоннаға дейін мыс концентратын өндіру жоспарлануда. Құрылыс барысында комбинатта 1,5 мың жұмыс орны, пайдалану барысында тағы да осындай көлемде жұмыс орны ашылмақшы. Инвестицияның жалпы көлемі 259,7 млрд теңге, зауыт құрылысын 2015 жылы аяқтау жоспарлануда.

Телекөпір барысында Президент Н.И.Назарбаев "Бозшакөл" кен байыту комбинатының құрылысын бастауға рұқсат берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны