08.02.2013, 14:15 7167

Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1-ге 50 % акциясын сатуға келіссөздер жүргізуде

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақмыс Тобы Қазақстандағы ең ірі электр стансалардың бірі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1-дегі Топтың 50 пайыздық үлесіне қатысты бірқатар БАҚ-тар таратқан ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1-ге 50 % акциясын сатуға келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақмыс Тобы Қазақстандағы ең ірі электр стансалардың бірі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1-дегі Топтың 50 пайыздық үлесіне қатысты бірқатар БАҚ-тар таратқан ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

"Қазақмыс аталмыш иелікке қатысты келіссөздер бастағанын, бұл келісіссөздердің бастапқы кезеңі және оның немен аяқталатыны әзірге белгісіз екенін хабарлайды.Компания аталмыш келіссөздердің қорытындысы бойынша тың ақпаратты кейінірек хабарлайды", деп жазылған хабарламада.

Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы - Қазақстандағы ең ірі электростанциялардың бірі. Станцияда модернизациялау бағдарламасы қолға алынған. Бұл өз кезегінде оның жобалық қуатын 4 000 Мвт- қа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақмыс аталмыш электростанцияны 2008-ші жылы 1 млрд. 280 млн. АҚШ долларына сатып алған болатын. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 50 пайыздық үлесін 681 млн. АҚШ долларына сатып алды. 2012 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдың ішінде Екібастұз ГРЭС-1 станциясының өткізілген өнімнен түскен табысы 278 млн. АҚШ долларын, оның ішінде EBITDA 184 млн. АҚШ долларын құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны