22.12.2006, 10:02 2049

"Қазақмыс" және "Қазинжиниринг" компаниялары Ашықтық бастамасын жүзеге асыру туралы меморандумға қосылды

АСТАНА. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today. "Қазақмыс" корпорациясы" АҚ мен "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Ашықтық бастамасын жүзеге асыру туралы меморандумға қосылды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Біз- қазақстандық өндірушілердің шетелдік компаниялармен қатар кен пайдаланушылар жариялайтын тендер мен сатып алу істеріне қатыса алғанын қалаймыз. Кен пайдаланушылар өз кезегінде сауда-саттық қызметтерін ашық жасауға уәде береді,-деп атап өтті брифингте индустрия және сауда министрлігінің өндіріс және ғылыми-техникалық даму комитетінің төрағасы Мейрам Қажыкен.

Меморандумға кен өндіруші және тау-кен кешендерінің қол қоюы кен пайдаланушылар арасында тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кен пайдаланудың қызмет көрсету нарығында отандық тауар өндірушілер қызмет көрсетуді дамытпақ, деп пайымдайды индустрия және сауда министрлігіндегілер.

Меморандумды индустрия және сауда министрлігі биыл науырыз айында ұсынған болатын. Оны Қазақстанның жалпыұлттық "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы мен республикалық кен өндірушілер мен тау-кен өндірістерінің қауымдастығы да қолдаған болатын. Қазіргі кезде М.Қажыкеннің айтуынша, меморандумға 80 отандық және шет елдік компаниялар қосылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны