17.09.2012, 15:12 3373

Қазақстан 12,7 млн тонна астық экспроттады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "2011 жылдың 1 қыркүйегінен 2012 жылдың 31 тамызына дейінгі мерзім ішінде экспортқа ұн мен бидайды қоса алып есептегенде 12,7 млн тонна астық жөнелтілген, 2010-2011 маркетингтік жылғы деңгейден 2,5 есе көп".

Астана. 17-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан 12,7 млн тонна астық экспроттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "2011 жылдың 1 қыркүйегінен 2012 жылдың 31 тамызына дейінгі мерзім ішінде экспортқа ұн мен бидайды қоса алып есептегенде 12,7 млн тонна астық жөнелтілген, 2010-2011 маркетингтік жылғы деңгейден 2,5 есе көп".

12,7 млн тонна астықтың 8,9 млн тоннасы бидай түрінде, 2,6 млн тоннасы ұн түрінде тиелген.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылғы 1-нен 10-қыркүйекке дейінгі аралықта 77,7 мың тонна астық артылған.

2012-2013 маркетингтік жылы шамамен 12 млн тонн астық жөнелту жоспарлануда, оның 9 млн тоннасы бидай, 2,1 млн тоннасы ұн түрінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны