21.09.2006, 13:09 3199

Қазақстан 15 млрд. доллардың тауарларын экспортқа шығара алады

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазір Қазақстан 15 млрд. доллардың тауарларын экспортқа шығара алады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдерінің салықтық (қаржылық) тексеру органдары басшыларының кезекті сегізінші үйлестіру кеңесіне қатысушылармен болған бүгінгі кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазір екінші деңгейлі банктердегі салымдар көлемі еліміздің Жалпы ішкі өнімінің 60 процентіне теңесті, ал жеке меншік зейнетақы жүйесіндегі қаржы көлемі 7 млрд. доллардан асты.

"Бүгінде Қазақстан қаржының басым бөлігін Ресейге, Украина, Кавказға, орталықазиялық елдеріне инвестиция ретінде салып жатқанын біз қолдаймыз", - деп атап көрсеткен Елбасы елдің алтын-валюталық қоры Ұлттық қордағы резервті қосқанда 25 миллиард долларға жететінін айтты. "Бұл - ТМД-дағы ең жоғарғы көрсеткіш", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны