20.04.2009, 16:58 3023

Қазақстан 18 мамырдан бастап мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығының ставкасын төмендетеді

Қазақстан 18 мамырдан бастап мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығының ставкасын төмендетеді

Алматы. 20 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2009 жылдың 18 мамырынан бастап мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығының ставкасын біршама төмендетеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ресми БАҚ-тарда 18 сәуірде жарық көрген үкіметтің қаулысына сілтеме жасап.

Қазақстан үкіметінің 2009 жылдың 8 сәуіріндегі №489 "Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылдың 15 қазанындағы №1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, жеңіл дистилляттар мен мұнай өңдеу өнімдерінің бір тоннасының экспорттық кедендік баж салығы $59,87, мұнай битумы мен кейбір ауыр дистилляттар түрлерінің кедендік баж салығы - $39,91 болмақ, ал "ауыр дистилляттар: газойлар" және "ауыр дистилляттар: сұйық отындар" секілді топтар бойынша маусымдық ставка қолданылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда бұған дейін мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығының ставкасы мынадай болды: сұйық отынның бір тоннасына $61,86, мұнай битумы мен газойлдың бір тоннасына - $41,42.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда 2009 жылғы қаңтардың үшінші онкүндігінен бері ренттік салық төлеушілер үшін шикі мұнайдың экспорттық кедендік баж салығы алынып тасталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны