11.01.2008, 20:05 5968

Қазақстан 2000 жылдан бастап экономикада кері ағымдарды жинауда - Кәкімжанов

Қазақстан 2000 жылдан бастап экономикада кері ағымдарды жинауда - Кәкімжанов

Астана. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2000-2001 жылдан бастап экономикада кері ағымдарды жинауда деген пікірді Инвестициялық қор басқармасының төрағасы Зейнолла Кәкімжанов айтты.

"Қазақстан 2000-2001 жылдан бастап экономикада кері ағымдарды жинауда. Оның бәрі осы күнге дейін тиісті баға беретін құралдар мен экономикадағы жағдайды болжаудың жоқтығынан туындауда ", - деп мәлімдеді З. Кәкімжанов "Бизнес и власть" апталығына берген сұхбатында.

"Мұнай шығаратын мемлекет болғанымыздан бәрінің өсіп өркендеуіне жол ашылды. Экономиканың қарқынды өсуінің мәселесі өндірістік тиімділігіндегі шығын мөлшері бақылауға алынбағандықтан пайда болды ", -деді ол. З. Кәкімжановтың пайымдауынша, еңбек ақы мөлшері еңбек өнімділігінің өсуіне тең болмады . "Еңбек ақы мөлшері кәсіби білікті мамандардың тапшылығынан көтеріліп, соның есебінен, мамандар бір кәсіпорыннан екіншісіне тартылып отырды. Содан, әрине жоғары еңбек ақының мөлшері өндірілетін барлық тауарлар мен өнімдердің өзіндік құнына қосылды ", -деді ол. Инвестициялық қор төрағасының айтуынша, "сыбайлас жемқорлық-бұл өндірістік шығындардың қомақты бөлігіне жатады және өндіріс тиімділігінің төмендеуінің себебі".

Оның пікірнше, экономикалық басқаруда "мемлекеттік органдар тұтыну бағалар индексін есептегенде негізгі себепті ескермеген". "Соңғы кезде халық арасындағы кейбір топтардың табыс құрылымы өзгерді. Бірақ зерттеу тәсілі мен индекстің есептелуі сол күйінде қалдырылды. Соның кесірінен тұтыну товарларының құны шындыққа жанаспай, ол инфляциялық жағдайдың шынайы түрін көрсетті", -деп хабарлады З. Кәкімжанов. Оның пікірінше, "қазіргі статистика қолдан жазылып, бүгінгі күннің бағалары қағазда әлде қайда төмен көрсеткіштермен беріледі ". " Енді ғана инфляцияға қарсы күрес жарияланып, кейбір шаралар қолға алына бастады. Алайда, инфляция сыртқа шығып, өзінің заңдары бойынша өмір сүруде. Ал оның негіздері бұдан ертерек салынған еді ғой ", - деп түсіндірді ол.

"Экономикалық қырқындылықты анықтайтын тиісті құралдар болмағандықтан, ақша массасын, халықтың табысын, оның құрылымын болжауға болмайды. Ал бұл құралдар арқылы инфляцияның туындауына нендей факторлардың әсер етуін анықтау мүмкін емес ", - деп атап өтті З. Кәкімжанов.

Болған жағдайды нақты ешкім сараптап, бағаламағандықтан, Қазақстан өндіріс пен тұтыну арасындағы теңсіздікке ұрынды. Енді оны шешудің екі жолы бар. Яғни, ішкі нарыққа қажетті тауарды өндіріп, оны сыртқа шығару ", - деп санайды ол.

"Экономика қазір екінші жолмен келе жатыр. Бұл жолмен жүрудің қауіптілігі де жоқ емес. Себебі халықаралық нарық өзгерді. Бұрын сұранысты импорт есебінен жабуға мүмкіндік болған. Алайда, 2004-2005 жылдары әлемде сұраныс пен тұтыну арасындағы айырмашылық қатты өзгеріп, ет, сүт, бидай, қант сияқты өнімдерге сұраныс қатты өсті. Үндістан мен Қытай секілді жаңа тұтыну аймақтарының құрылуынан, бұрынғы Кеңес одағы елдерінде өмір сүру деңгейінің өсуінен осындай азық-түлік түрлерінің тапшылығы туындады", - деп атап өтті газетке сұхбат берген З. Кәкімжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны