16.01.2008, 18:31 3050

Қазақстан 2008 жылы мұнай өңдеу көлемін 500 мың тоннаға дейін ұлғайтады - ЭМРМ басшысы

Қазақстан 2008 жылы мұнай өңдеу көлемін 500 мың тоннаға дейін ұлғайтады - ЭМРМ басшысы

Астана. 16 января. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2008 жылы мұнай өңдеу көлемін 500 мың тоннаға дейін ұлғайтады. Бұл туралы бүгін ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің коллегиясында өткен отырысында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің вице-министрі Болат Ақшолоқов құдағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылы біз отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемін 12,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз ", - деді Б. Ақшолақов.

Оның мәліметтері бойынша, биылғы жылы 2,8 млн тонна жанар -жағар май және 4 млн тонна дизелдік отын өңдіріледі.

Вице-министр атап өткеніндей, "ай сайын 1 млн тонна көлемінде мұнай өңделуі жоспарланып отыр".

Оның мәліметтері бойынша, 2007 жылы Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары 12 млн тонна қара алтын өңдеп, 2,6 млн тонна жағар май және 3,9 млн тонна дизелдік отын шығарды. Сондай-ақ, 2,6 млн тонна қара май және 258,9 мың тонна керосин өндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны