19.12.2007, 18:41 3066

Қазақстан 2008 жылы сырттан несие алуға сенім арта алмайды

Қазақстан 2008 жылы сырттан несие алуға сенім арта алмайды

Астана. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің пайымдауынша, Қазақстан 2008 жылы сырттан несие алуға сенім арта алмайды, және де парламентке келесі жылдың бюджетінің экономиканың нақты салаларындағы инвестицияны өсіру бөлімін қайта қарау туралы ұсыныс жасамақ. Мұндай пікірін бүгін үкіметтегі ақпарат көзі "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті. "Біздің жоспарлауымызша, 2008 жылы, тіптен 2009 жылы да біз сырттан көмек алуға сенім арта алмаймыз",- деді ақпарат көзі келесі жылы республика экономикасына сырттан несие алуы мүмкін бе деген сұраққа жауап бере отырып.

"Бірақ бұл жағдайдың біз үшін жақсы жағы да бар, ол қазақстандық экспорттың негізгі тауарлар бағасының жоғары болуымен қорытындыланады",- деп атап өтті ол.

Ақпарат көзі сондай-ақ, "бұл республикалық бюджеттің орындалуына және мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуына" кепілдік береді, деді. Сонымен қатар, 2007 - 2008 жылдардың желтоқсан айлары аралығында үкіметтің президент тапсырмасы бойынша құрылыс саласын, шағын және орта бизнесті, сонымен қатар эконмиканың диверсификациясы тұрғысынан маңызды деген жобаларды қолдауға бөлінетін 4 млрд АҚШ доллары жеткілікті ме деген сұраққа жауап бере отырып, қазақстанның министрлер кабинеті бұл соманы өсіру туралы мәселені көтергелі отырғанын атап өтті.

"Бұл мәселеге қатысты біздің ұстанымымызға тоқталатын болсақ, біз парламентке экономиканың нақты саласына инвестиция салу көлемін өсіру үшін келесі жылдың бюджетін қайта қарау туралы ұсыныс жасаймыз",- деп хабардар етті ақпарат көзі. Бұрын хабарлағанымыздай, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауды қаржыландыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, сонымен қатар индустриалық және инфрақұрылымдық нысандарды қайта қаржыландыруға бюджеттен 4 млрд АҚШ долларын бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Үстіміздегі жылдың желтоқсанында осы мақсаттар үшін 1 млрд АҚШ доллары бөлінген, қалған 3 млрд АҚШ доллары келесі жылы бөлінетін болады.

Астанада, 6-желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында "Қазына" ТДҚ АҚ басшысы Қайрат Келімбетов хабарлағандай, осы жылы бөлінген 1 млрд АҚШ доллары "жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша келесідей бөлінеді: 400 млн АҚШ доллары Астанадағы құрылыс нысандарын аяқтауға, 400 млн АҚШ доллары шағын және орта бизнесті қолдауға, 200 млн АҚШ доллары - индустриялық нысандарды қайта қаржыландыруға жұмсалады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны