15.08.2012, 11:27 2947

Қазақстан 2012-2013 маркетингтік жылдары 12 млн. тонна астықты экспортқа шығарады

"Шамамен 12 млн. тонна. Бұл алдағы маркетингтік жылдағы экспорт көлемі. Қажетті астық мөлшері бар болғандықтан, экспортқа қатысты ешқандай шектеулер болмайды", - деді Е.Аман.

Астана. 15-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан 2012-2013 маркетингтік жылдары 12 млн. тонна астықты экспортқа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлімдеді, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Шамамен 12 млн. тонна. Бұл алдағы маркетингтік жылдағы экспорт көлемі. Қажетті астық мөлшері бар болғандықтан, экспортқа қатысты ешқандай шектеулер болмайды", - деді Е.Аман.

Сондай-ақ, бастапқыда жөнелту мөлшері айына 1 млн. тонна көлемінде болатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, жауапты хатшы, астық өнімі 13 млн. тонна болады деп болжам жасалып отырғанын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны