02.05.2007, 16:22 2930

Қазақстан 2012 жылы Каспий теңізіндегі жүк тасымалын 30 млн тоннаға дейін өсіреді

АСТАНА. 2 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан 2012 жылы Каспий теңізіндегі жүк тасымалын 30 млн тоннаға дейін өсіреді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2012 жылы Каспий теңізінің жалпы тасымалы 65 млн тоннаға дейін өседі, Қазақстан жүгінің үлесі жалпы көлемнің 50 пайызына дейін өсіп, 30 млн тоннаны құрайды",- деді министр.

С. Ахметов, қазіргі уақытта Қазақстанда Ақтау айлағын солтүстік бағытта кеңейту жобасы жүзеге асырылып жатқандығын еске сала кетті. "Бұл айлақтың өткізу қабілетін жылына 23 млн тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті ол. Оның айтуынша, аталмыш жобаның құны 32,7 млрд теңгені құрайды.

Баутино айлағын дамытуға қатысты жұмыстар жалғасуда. Министрдің ақпараттарына сүйенсек, Баутино арқылы тасымалданатын жүктің көлемі 2012 жылы 4 млн тоннаға дейін өседі.

Сондай-ақ, көлік және коммуникация министрі 2006 жылы Қазақстанда өзен көлігімен 1,3 млн тонна жүк тасымалданғандығын, бұл көрсеткіштің алдыңғы жылмен салыстырғанда 53 пайызға артық екендігін хабарлады. "Жүк тасымалының өсуі Орал - Каспий арнасы арқалы кеме қатынасының ашылуына, сонымен қатар соңғы 15 жылда тұңғыш рет Ертіс өзені арқылы толассыз кеме қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген Шульба шлюзін пайдалануға беруге түрткі болды", - деп атап көрсетті.

"Су жолдарын сапалы ұстау және салалық бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру 2010 жылы өзен көлігімен тасымалданатын жүк көлемін жылына 3 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді",- деп қорытындылады министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны