28.05.2010, 12:55 3139

Қазақстан 2014 жылға дейін елімізді индустрияландыруды дамыту мақсатында 25 млрд долларды игереді

Қазақстан 2014 жылға дейін елімізді индустрияландыруды дамыту мақсатында 25 млрд долларды игереді

Көкшетау. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан 2014 жылға дейін елімізді индустрияландыруды дамыту мақсатында 25 млрд доллар көлеміндегі қаржыны игереді. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Васильков кен-байыту комбинаты" АҚ-ның алтын өндіру фабрикасының жұмысшыларымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жалпы алғанда біз Серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 25 млрд доллар көлеміндегі қаржыны игеріп, көптеген кәсіпорындар құруға тиіспіз", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, осындай жұсмыстың нәтижесінде Қазақстанда 20 мыңдай адам қосымша жұмыс орындарына ие болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны