06.06.2008, 10:23 1302

Қазақстан 2014 жылғы Дүниежүзілік мұнай конгрессін өткізуге үміткер болмақ

Қазақстан 2014 жылғы Дүниежүзілік мұнай конгрессін өткізуге үміткер болмақ

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2014 жылғы Дүниежүзілік мұнай конгрессін өткізуге үміткер болмақ. Бұл туралы кеше KazEnergy қауымдастығының кеңесінің отырысында қауымдастықтың бас директоры Жанболат Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

KazEnergy бас директоры биыл 28 маусымда Мадрид қаласында өтетін 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгрессінде Қазақстан делегациясы республиканы конгресс құрамына енгізу үшін шақырылғанын еске салды.

"Біз ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың, индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің, сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жаңа президенті Серік Бүркітбаевтың келісімдерін алдық. Олар конгрестің 19 отырысының екінші күнінде өтетін "Қазақстан сағатының" басты қатысушылары болады", - деп атап көрсетті Ж. Сәрсенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны