04.05.2014, 19:08 10936

Қазақстан 2014 жылы инвестициялық климатты жетілдіру бойынша жаңа заң қабылдайды - Елбасы

Мемлекет басшысы атап өткендей, "ел экономикасын жаңғыртудың негізі шетелдік және отандық инвестицияны белсенді тарту жұмыстары болып табылады".

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы Қазақстан инвестициялық климатты жетілдіру бойынша жаңа заң қабылдайды, деп Азиялық даму банкінің 47-інші Жыл сайынғы отырысының ашылу салтанатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Біз өз көзқарасымызды жаңартып, 2050 жылға дейін еліміздің даму стратегиясын қабылдадық. Біз алдымызға жалпылай жаңғырту және Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруін тездету сынды маңызды міндеттерді қойдық", - деді АДБ 47-інші отырысында Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, "ел экономикасын жаңғыртудың негізі шетелдік және отандық инвестицияны белсенді тарту жұмыстары болып табылады".

"Біз барынша қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға мүдделіміз. Осы мақсатта ағымдағы жылы инвестициялық климатты жетілдіру бойынша жаңа заң қабылдайтын боламыз. Біз инвестортарды топтық салықты төлеуден 10 жылға босатуды көздеп отырмыз. Инвестициялық субсидияны енгізіп, заңды түрде тұрақтылық пен тарифтер болжамын қамтамасыз етпекшіміз. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тартуды жеңілдетпекшіміз", - деді Н.Назарбаев.

Осы ретте Президент атап өткендей, инвесторлармен жұмыс бір терезе принціпі бойынша жүргізіледі.

"Бұдан басқа инвестициялық омбудсмен институты құрылады. Біз инклюзивті экономикалық өсімге, адам капиталын дамытуда инвестицияны арттыруға ұмтылатын боламыз. Қазақстан тек Азияның өркениетті нарығының мүшесі ғана болып қоймай, аймақтағы жетекші елдердің бірі болатынына сенімдімін", - деп Мемлекет басшысы қадап айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны