21.09.2006, 13:01 3092

Қазақстан 2015-жылға дейін көлік кешенін дамытуға 30 млрд. доллар инвестиция салмақшы

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан 2015-жылға дейін көлік кешені инфрақұрылымын дамытуға 30 млрд. доллар инвестиция салмақшы, деп мәлімдеді бүгін еліміздің көлік және коммуникациялар министрі Асқар Мамин.

"Қазақстанның 2015-жылға дейінгі көлік стратегиясы аясындағы барлық жобалардың жалпы құны 30 млрд. долларға бағаланып отыр. Оның 70 процентін біз жеке меншік инвестиция есебінен тартпақшымыз",- деді министр Астанада өтіп жатқан "Трансеуразия-2006" атты ҮІ халықаралық конференцияда.

Стратегия аясында 1600 шақырымнан астам темір жол салу мен 3 мың шақырымдайын электрлендіру, сондай-ақ, 50 мың шақырымдай автожолдарды салу мен жаңалау көзделуде.

А.Маминнң айтуынша, қазір еліміздің Жалпы ішкі өнімі құрамында көлік және коммуникациялар саласының үлесі 9 процентті құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны