31.08.2016, 12:13 6993

Қазақстан 2016 жылдыӊ екінші жартысында Қытайға ет жеткізеді

"Өнімді жеткізу 2016 жылдыӊ екінші жартысында жүзеге асырылады. Екі ай ішінде бұл үрдістер аяқталады, фермерлер өнімді жеткізетін болады. Қазақстандық ет Қытайдыӊ үлкен нарғында бәсекеге қабілетті болады", - делінген хабарламада.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан 2016 жылдыӊ екінші жартысында Қытайға ет өнімдерін жеткізеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, бүгінде үрдістіӊ екі кезеӊі өтті: құжаттық сараптама мен ветеринарлық қызметтіӊ аудитін өткізу. Сондай-ақ, Қазақстан екі кезеӊді біріктіргенді қалайды - азық-түлік өнімдерініӊ қауіпсіздігін бақылауды бағалау мен нақты кәсіпорындарды инспекторлау, сондықтан инспекция қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындардыӊ ҚХР-ға өнім жеткізуі жүзеге асады.

"Өнімді жеткізу 2016 жылдыӊ екінші жартысында жүзеге асырылады. Екі ай ішінде бұл үрдістер аяқталады, фермерлер өнімді жеткізетін болады. Қазақстандық ет Қытайдыӊ үлкен нарғында бәсекеге қабілетті болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, биылғы жылдыӊ төртінші тоқсанында Қазақстан Қытайға бал жеткізуді бастайды. 30 тамыз-6 қыркүйек аралығында ҚР-да бал бойынша қытайлық инспекция өтеді, олар бал жинау үрдісін қарастырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны